Еттің асылы рұқсат емес (харам)

 بسم الله الرحمن الرحيم



Ет мәселесіндегі негізгі сұрақтардың бірі - оның асылы/негізгі үкімі.

Асылы деген не?

Асылы – бұл дәлелдермен ғана өзгеретін бір заттың негізіне байланысты үкім. 

Мысалы, бір адамның негізі ұры емес. Оның қылмыскер екендігі дәлелденуі керек. Оған ұры емес екендігін дәлелдеуі қажет  болмайды, себебі оның негізі - кінәлі еместігі, керісінше оның кінәлі екендігі дәлелденуі керек.

Негіз –  бастапқы жағдай және керісіншесі дәлелденбейінше солай қалады.

Негіздің түрлері

Негіздің үш түрі бар:

-Негізі рұқсат заттар

-Негізі рұқсат емес заттар

-Негізі белгісіз заттар


Негіздің маңыздылығы:

Негіз не үшін қажет? Көп сұрақтың шешімін анықтауда негіз қажетті фактор болып табылады. Еттің негізі рұқсат болса, онда оның рұқсат еместігі дәлелденбейінше оны жеуге болады, атеист сойған малдың еті болғанға дейін.

Ал енді еттің негізі рұқсат емес болса, онда оның рұқсат екендігі дәлелденбейінше оны жеуге болмайды, мысалы мұсылман сойған малдың еті болмаса.

Әр заттың негізі зерттеуге мүмкіншілік жоқ көптеген сұрақтың шешімін табуда пайдалы.

Еттің негізі

Кез келген еттің негізі рұқсат емес болып табылады. Бұл  ғалымдардың бірауыздан келіскені. Және біз де осы пікірді ұстанамыз.

Негіз қалай өзгереді?

Еттің негізі қалай өзгереді және керісіншесі қалай дәлелденеді? Еттің негізі шариғатқа сәйкес сойылса өзгереді, оның шарттары мынадай:

1.Сойып жатқан адам шарты
2.Сойылып жатқан жануар шарты
3.Сою әдісі және қолданылатын құралдар шарты

Біз бұл процессті көруіміз керек, немесе Шариғатқа сәйкес адамға сенім артуымыз қажет, немесе «әз зәннул ғалибқа» негізделуіміз керек, яғни,  қала тұрғындарының басым көпшілігі мұсылмандар, немесе осы ақпаратқа жақын сенім болуына негізделу керек.

Муаффакуддин Ибн Қудама (541-620 х/ 1146-1223 м) «Әл Муғни» кітабында былай деп айтты:


وإن أرسلَ كلبَه ، فأرسلَ مجوسيُّ كلبَه ، فقتَلا صيدًا ، لمْ يحل ؛ لأن صيدَ المجوسي حرامٌ ، فإذا اجتمعَ الحَظْرُ والإباحةُ غلَب الحظرُ ، كالمتولِّد بين ما يُؤكل وما لا يؤكل ، ولأن الأصلَ الحظرُ ، والحِل موقوفٌ على شرطٍ ، وهو تذكيةُ من هو مِن أهلِ الذكاة ، أو صيدُه الذي حصَلتْ التذكيةُ به ، ولم يتحقَّقْ ذلك

«Егер ол (мұсылман) итін аңға жіберетін болса, сонымен қатар мәджуси өзінің итін жіберетін болса, олар бірге аңды ұстаған болса, онда бұл аң рұқсат/халал болмайды. Себебі мәджусидің аңға шығуы рұқсат емес/харам. Және харам мен халал біріксе, онда харам басым түседі. Сондай-ақ еті харам жануармен еті рұқсат етілген жануардың қосылуынан туылған жануардың еті де рұқсат болмайды (мысалы, есек пен жылқының қосылуынан туылған құлын).
Себебі асылы/негізі рұқсат емес болып табылады. Оның рұқсат болуы үшін шарт бар. Бұл шарт: тәзкия (сою арқылы халал жасау), немесе аңға шығып Ахлюз Закат болған адамның (Шариғатқа сәйкес мал союға рұқсат адам: Мұсылман және Әхлюл Китаб) тәзкия жасауы. Ал осы жағдайда ондай болмады.

Дереккөз: Ибн Қудама: Әл Муғни: 13/271


Алляма Мухйиддин Ан Науауи (631-676 х/1233-1277 м) «Раудатут Талибин» атты кітабында былай деп айтты:


قلتُ : قال أصحابُنا : لو دخَل قريةً يسكُنها مجوسٌ، لم يصِحَّ شراءُ اللحمِ منها حتى يعلَمَ أهليّةَ الذبحِ، لأن الأصلَ التحريمُ، فلا يُزال إلا بيقينٍ أو ظاهرٍ

«Мен (Науауи) айтамын: Біздің асхабтар (шафииттер) айтты: Егер адам бір ауылға келсе және ол ауылдың тұрғындары мәжусилер болса, онда ол дұрыс сойылған малдың еті екеніне көзі жетпейінше (яғни, ол малды сойған кім екеніне), сол жерден ет алуы рұқсат емес. Себебі асылы/негізі рұқсат емес және бұл рұқсат еместігі, яқин/сенім (ол малды мұсылман немесе әхлюл китаб иелері сойғаны туралы сенім) келгенімен немесе захирмен (яғни бұл өлкеде мұсылмандардың немесе әхлюл китаб иелерінің көбірек болуымен) жойылады.

Дереккөз: Мухйиддин Ан Науауи: Раудатут Талибин: 3/85

Сонымен қатар Имам Ан Науауи, рахимахуЛлаһ, ғалымдар арасында еттің асылы/негізі – рұқсат еместігі туралы пікір-талас жоқ екендігін Сахих Муслим Шархында (13/78) айтты.


78-ші беттің скриншоты:


 

Дереккөз:al-fatava.com/link/button
Дайындаған:darulahnaf.com/link/button

Пікірлер

Дейінгі Келесі