Салауатты толық айту және жазу жайында.


 Салләллаһу аләйһи уә сәлләм (ﷺ), - (с.ғ.с.) емес!


بسم الله الرحمن الرحيم

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.


Дінімізде сәләф-солихтардан болған ізгілеріміздің аты-жөнін жазған кезде ескеретін маңызды әдептер бар. Баршамыз сол әдептерді ұстануымыз қажет. Себебі олар дініміздің ұлы данышпандары және үлкен құрметке лайықты.


Көптеген мұсылмандарда дұға еткенде қысқартып, «р.а.» және «а.с.» деген аббревиатуралар қолданатын әдет қалыптасқан. Ал одан әлдеқайда жаманы - Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аты аталған кезде  «с.ғ.с.» деген акроним пайдалануы. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  адамзаттың ардақтысы, ол өте үлкен құрметке лайықты, «с.ғ.с.» деп қысқартылып  жазылған аббревиатурға қарағанда. 


«салләллаһу аләйһи уә сәлләм (ﷺ)» — «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» деген сөздің орнына, аббревиатурамен (яғни «с.а.с.», «р.а.», «а.с.»)  жазу  ұнамсыз немесе жағымсыз болып табылады (мәкрух)»

(Ибн Салах, 189-б.«Тадрибу Рауи» 2/22 қараңыз.)


«Қаламының сиясын үнемдегісі келіп,  аббревиатураны қолданып, Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауатты қысқартып жазғандардың соңы ауыртпалықты зардаптар болды».

(«Әл-Қаулюль Бадиъ», 494-б.)


Имам әс-Суюти (оған Алланың рақымы болсын) өз сөзінде: «Игілік пен салауат сөздерін бір әріп немесе екі әріп ретінде қысқартып, мысалыға: «с.ғ.с.» сияқты белгілеу ұятты әрі айыпты жағдай. Керсінше оны толығымен жазу қажет. Сонымен қатар, алғаш салауатты «с.ғ.с.» – деп, қысқартқан адамның қолы шабылғандығы жайында айтқан.

(«Тадриб ар-Рауи», 2/77 қараңыз.)


Біздің заманымызда  «салләллаһу аләйһи уә сәлләм», «радыйяллаһу әнһу», «рахимәһуллаһ» немесе «әләйһи сәлләм» – деп жазу көп уақытыңызбен және күш қуатыңызды алмайды. Болмаса пернетақтадан (клавиштер жүйесінен), дайын атқарымын қолдануға болады, ең бастысы дұрыс қалпында толық жазу.


«Хадис ғалымдары кітап жазушыларына «салләллаһу аләйһи уә сәлләм» — сөзін, толықтай жазуға үндеу білдірді, әрі ауызша айтып тұру қажет, жазып тұрғандарын».                                                       («Тадрибу Рауи», 2/20, «Әл-Қаулюль Бадиъ», 495-б.)


Авторлар акронимдерді қалай жазса, оны оқушы адам да солай оқиды. Қысқартып жазылған болса – қысқартып, толықтай жазса – толықтай оқиды, жазушыға ілесе отырып.


Үлкен сауап.

Әйгілі Табиғин (сахабаларды көрген мұсылман) Жағфар әс-Садиқ (оған Алланың рақымы болсын) айтады:

«Қағаздың сиясы кепкенше «Алла оны рақым етсін», немесе «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» деп жазғандарға періштелер салауат айтып тұрады».

(Ибн Қайим «Джиляуль Афхам», 56-б. «Әл-Қаулюль Бадиъ», 484-б. «Тадрибу Рауи», 2/19.)


Көрнекті муджахид Суфьян әс-Саури (оған Алланың рақымы болсын) былай деп айтады:

«Айтарлықтай хадис жеткізушілер, олар өздеріне береке мен марқабатқа бөленіп тұрады, «оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» – деген сөйлем, қағазда жазылып қалғана дейін».

(«Әл-Қаулюль Бадиъ», 485-б.)


Шейх Мухаммад ибн Мунзир мен әкесінің арасында мынадай жағдай болды:

Әлләма Мунзираның ұлы шейх Мухаммад ибн Мунзир (оларға Алланың рақымы болсын)  әкесі қаза болып, бұл дүниеден өткеннен кейін, ол әкесін түсінде көріп, былай деп айтады:

«Мен жәннәтқа кірдім және Пайғамбарымыздың (оған Алланың рақымы болсын) қолын алып, оны сүйдім (құрмет белгісі үшін). Ол маған айтты:

«Кімде-кім өзінің қолымен «Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын» – деп жазса, онда ол менімен жәннәтта бірге болады.»

Әлләмә имам әс-Сахауи (оған Алланың рақымы болсын) айтады:

«Бұл хабар бізге сенімді тізбекпен жетті. Біздер Алла Тағаланың Мейрімділігіне үміт етеміз, бұның себебімен Ол (Алла), біздерді сыйяпат ететініне».

(«Әл-Қаулюль Бадиъ», 487-б.)


Әл-Хаттиб әл-Бағдади да (оған Алланың рақымы болсын), осыған ұқсас хабар жеткізді, Мухаммад ибн Мунзирдің (оған Алланың рақымы болсын) түсіне қатысты.

(«Әл-Джмаиу ли Әхләки Рауи», 1/420-423.)


Тағыда бір ескерту:


Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) аты аталған кезде, біздердің кейбіреулерімізде «аләйһи сәләм/сәлем болсын оған» немесе «аләйһи сәләт/салауат болсын». деп қысқартып жазатын әдет бар. Ғалымдарымыз ол әдеттің жақсы әдеттерден еместігін айтады

(«Фатхуль Муғис»; сілтеме «Әл-Қаулюль Бадиъ», 158-б.)


Ибн Сәләх және имам ән-Нәуәуи (оларға Алланың рақымы болсын) «әләйһи сәләм» деп жазу ұнамсыз немесе жағымсыз (мәкрух) болып табылатындығы жайында хабар жеткізді.


Бұның себебі Аллаһ Тағала біздерге Құранда екеуін бірге сұрап, жазу керектін айтады:


«Расында Аллаһ және Оның періштелері оған салауат айтады. Әй Мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер».

(Құран 33-сүре, 56-аят.)


Біз өзіміздің сүйікті де ардақты пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) еске алғанда салауатты еш қысқартусыз, толық айтуды және жазуды әдетке айналдырайық, бауырлар!


Жаднама:


Салләллаһу аләйһи уә сәләм — оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын – Пайғамбарымыздың ﷺ аты жазылғанда солай жазылып, айтылуы керек.


Радыйяллаһу әнһу — оған Алла разы болсын – Пайғамбармыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының аты аталған/жазылған  кезде айтылады/жазылады.


Рахимаһуллаһ — оған Алланың рақымы болсын – Ислам ғалымдарының, ізгі тақулардың, Алланы таныған адамдардың аты аталған/жазылған кезде айтылады/жазылады.


Аләйһис-сәләм — Алланың сәлемі болсын оған – басқа Пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) аты аталған/жазылған кезде айтылады/жазылады. 


Дереккөз: taalib.ru/link/button

Дайындаған: darulahnaf.com/link/button

Пікірлер

Дейінгі Келесі