Ислам дініне және ханафи мәзхабына сай наурыз мейрамының үкімі.


Көпшілік адамдарға Наурыз көктемнің ажырамас бөлігі секіллі жəне күн мен түннің теңелу мейрамы секілді қалыптасып кеткен. Кейбіреулер, қателесіп Наурызды білімсіздікпен Исламға теліп, "Бұл мейрамның Исламда негізі бар",- деп жүр.

Бірақ, шын мәнінде Наурыздың Ислам дініне еш қатысы жоқ, керісінше ол Ислам дініне толықтай қарсы келеді.

 Көп адамдар наурызды отқа табынушылардың діни рəсімдері жасалатын, парсы жəне түркі тілдес көптеген мұсылман халқының салт-дəстүріне айналған зороастризм дінін ұстанушылардың мейрамы екенін біле бермейді.
Исламның жəне сондай-ақ Ханафи мəзхабының Наурыз мейрамына деген көзқарасы қандай?

Мухаммад Əлауддин əл-Хаскафи əл-Ханафи, (Алла рақымына алсын), «Əд-Дуррул-Мухтар шарх Танвируль-Әбсар» атты кітабында: 
 «Наурыз жəне Михриджан күніне арналған сыйлықтарға тыйым салынады» яғни осы екі күннің себебімен болған сыйлықтар - харам! "Егер сыйлық берушінің ниеті ол мейрамды ұлықтау болса" (көпқұдайшыл мүшріктердің ол мейрамды ұлықтағандары секілді), онда сыйлық беруші "дінсіз болады",- деген.

Əбу Хафс əл-Кəбир, (Алла рақымына алсын) айтты:  
 «Егер адам Аллаһқа елу жыл бойы құлшылық етіп, кейін Наурыз күнін ұлықтау мақсатымен Наурыз күніне орай мүшріктерге (көпқұдайшылдарға) жұмыртқа сыйласа, онда ол дінсіз болады жəне оның барлық амалдары жойылып кетеді». Егер де ол күнді ұлықтау ниеті болмай, тек қана үйреншікті əдет бойынша бір мұсылманға сыйлық берсе, онда дінсіз болмайды. Бірақ күмəннан арылу үшін, оны оған (мейрамға) дейін немесе кейін жасаған дұрыс. Тіпті егер бұрын алмаған нəрсесін сол мейрамға арнап алатын болса, егер ұлықтау ниеті болса , онда дінсіз болады. Ал егер жегісі келіп, ішкісі келіп жəне одан ләззат алу үшін болса, онда дінсіз болмайды»,- деп айтты.

Шейх Осман əз-Зайлағи əл-Ханафи, (Алла рақымына алсын) өзінің «Табиинуль-хақаиқ шарх канзуд-дақаиқ» атты кітабында: 
 «Наурыз жəне Михриджан күніне арналған сыйлықтарға тыйым салынады» яғни осы екі күннің себебімен болған сыйлықтар - харам, тіпті керек болса - күпірлік!,- деп айтты.

 Жəне Əбу Хафс əл-Кəбир, (Алла рақымына алсын) былай деген: 
«Егер адам Аллаға елу жыл бойы құлшылық етіп, кейін Наурыз күнін ұлықтау мақсатымен Наурыз күніне орай мүшріктерге (көпқұдайшылдарға) жұмыртқа сыйласа, онда ол дінсіз болады жəне оның барлық амалдары жойылып кетеді»,- деп айтты" ,- деп жазған.

«Əс-Сағирул-Жами’» кітабының авторы: 
 «Егер Наурыз күніне орай басқа мұсылманға ол күнді ұлықтау ниеті болмай, бірақ кейбір адамдардың əдеттері бойынша сыйлық берсе, онда дінсіз болмайды. Бірақ ол адамдарға ұқсамау үшін, ол істі нақты сол күні жасамай, бір күн бұрын немесе кейін жасағаны дұрыс. Себебі Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын): «Кімде-кім қайсы бір қауымға ұқсаса, ол - солардан!»,- деп айтты,- деген. (Əбу Дəуіт)». Жəне «Əс-Сағирул-Жами’» кітабында тағы да былай деп келеді: Егер адам, бұрын алмаған нəрсесін Наурыз мейрамына арнап алатын болса, егер оны ұлықтау ниеті болса , онда ол дінсіз болады. Ал егер жегісі келіп, ішкісі келіп жəне ләззат алу үшін болса, онда дінсіз болмайды»,- делінген.

Қодыйхан əл-Ханафи (Алла рақымына алсын) өзінің «Үнді пəтуаларында» :

 ونقل صاحب الفتاوى الهندية عن الشيخ إسماعيل الزاهد الحنفي ما نصه: رجل اشترى يوم النيروز شيئاً لم يشتره في غير ذلك اليوم إن أراد به تعظيم ذلك اليوم كما يعظمه الكفرة كفر، وإن فعل ذلك لإجل السرف والتنعم لا التعظيم لا يكون كفراً، وإن أهدى يوم النيروز إلى إنسان شيئاًولم يرد به تعظيم اليوم وإنما فعل ذلك على عادة الناس لا يكون كفراً، وينبغي أن لايفعل في هذا اليوم ما لا يفعله قبل ذلك اليوم ولا بعده، وأن يحترز عن التشبه بالكفرة، وعن الإمام أبي جعفر رحمه الله تعالى: إذا عبد الرجل خمسين سنة ثم جاء يوم النيروز وأهدى إلى بعض المشركين بيضة يريد به تعظيم يوم النيروز فقد كفر بالله وحبط عمله

 « Бұрын сатып алмаған нəрселерін Наурыз күніне орай сатып алған адам : егер оның ниеті кəпірлер ұлықтағандай ол мейрамды ұлықтау болса , онда бұл күпірлік болады, ал егер бұны шектен шығушылығы себепті (сатып алса) жəне бұл күнді ұлықтамай лəззаттанар болса, күпірлік болмайды. Егер бір адамға бір нəрсені Наурыз күні сыйға тартып жəне ол əрекетімен ол күнді ұлықтау ниеті болмаған болса , ал оны адамдардың əдеті бойынша жасаған болса, онда күпірлік болмайды. Ол күннен бұрын немесе кейін жасамаған нәрселерді ол күні де жасамаған дұрыс, кəпірлерге ұқсаудан сақтану керек. Əбу Жағфар, ( Алла рақымына алсын) :" Егер адам елу жыл бойы Аллаға құлшылық етіп, кейін Наурыз (мейрам) күні келіп жəне ол күнді ұлықтап мүшріктерге жұмыртқа сыйласа, онда ол дінсіз болады , жəне барлық амалдары күйіп кетеді"»- деп айтты,- деген.
 [«Əл-Фатауа əл-Хиндийя», 3/577]

Зайнуддин ибн Нуджейм əл-Ханафи, (Алла рақымына алсын): 
 Егер адам намаздарын тастап, кəпірлерді ұлықтап, олардың мейрамдарына қатысса, ол адам кəпір болады!»,- деген. Жəне Əл-Қадый Əбул-Махасин əл-Хасан ибн Мансур əл-Хинки өзінің «Аунул-Ма’буд» атты кітабында: « Бұрын сатып алмаған нəрселерін Наурыз күніне арнап сатып алған адам немесе басқа бір адамға сыйлық жасаса, жəне дінсіздердің ұлықтағанындай ол күнді ұлықтау ниеті болса, онда дінсіз болады. Ал егер ол сыйлықты алудағы мақсаты - лəззаттану үшін жəне ойын-сауықпен алдану үшін болса, немесе əдет бойынша сыйлық беріп жақсы қатынас жасаса - күпірлік емес, алайда бұл жағымсыз (мəкрүһ) амалға жатады, оның жағымсыз болу себебі - кəпірлерге ұқсау болғаны үшін. Жəне ондай жағдайлардан алшақ болу керек». (islamngy.biz/ru)

Сəлим ибн Əмир, (Алла рақымына алсын): 
 «Хамра қауымы (тайпаның аты) Османға, (оған Алла разы болсын) келді жəне оларға былай деп ант беру ұсынылды: Аллаға серік қоспау, намаз оқу, зекет беру, Рамазан айында ораза тұту жəне мəжусилердің (отқа табынушылардың) мейрамдарынан бас тарту. Олар: "Иə" деген кезде, Осман олардың анттарын қабылдады».

Исламның үлкен ғұламасы Имам Раббани (Алла рақымына алсын):
 «Үндістердің , отқа табынушылардың мейрамдарын (Наурызды) , Жаңа жылды жəне христиандардың Пасха мейрамын тойлау, жəне олардың əдет-ғұрыптарына еліктеу мұсылманды Тура жолдан шығарады жəне шынайы сенімдерінен айырады»,- деп айтты.

Қазіргі заманның ғұламасы Муфти Сухайл Тармахомед əл-Ханафи (хафизахуллаһ):
«Наурыз мейрамы (көктемдегі күн мен түннің теңелетін күні) парсы отқа табынушы- зороастризм дінін ұстанушылардың мейрамы болып табылады жəне оның Исламда еш негізі жоқ. Бұл күнді арнайы белгілеуге жəне оған қандай да бір діни мəн-мағына беруге тіптен рұқсат берілмейді.

'Əллама Зəйлағи (Алла рақымына алсын) "Табиинул Хақа’иқ" кітабында Наурыз жайлы:
 «Наурыз жəне Михриджан (күздегі күн мен түн теңелетін уақыт) күндерін арнайы белгілеп алып жəне сол күндерге арнап ораза ұстау (өте үлкен жағымсыз) Мəкрүһ амал, сондықтан кəпірлердің мейрамдарын белгілеп алу мұсылмандарға тыйым салынады",- деп айтты. (Таби'инул Хақа’иқ, 1 том, 332 бет)

Жоғарыдағы жазылғандардың барлығын жинасақ, ғұламалардың Наурызға қандай да бір уақыт бөлуді тыйым салғаны анық болады. Біздің Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) өз үмметіне арнайы екі мейрамды тойлауға өсиет етті, ол - "Ид-əл-Фитр" жəне "Ид-əл-Адха". (Құрбан айт жəне Ораза айт)

Анас ибн Мəлик, (оған Алла разы болсын) жеткізді: 
 Пайғамбарымыз (солаллаху алайһи уасаллам) Мединаға көшіп келгенде, сол жердің тұрғындары екі мейрамды арнайы тойлап жатырғандарын көрді. Ол (солаллаху алайһи уасаллам): "Бұл не қылған мейрам?" ,- деп сұрады. Жəне оған: "Бұл мейрамды олар джаһилийя (надандық) дәуірінен бері тойлайды",- деп жауап берді. Сол кезде Пайғамбарымыз (солаллаху алайһи уасаллам) адамдарға: "Шын мәнінде , Аллаһ бұл екі күнді басқа жақсы екі күнге ауыстырды, ол - "Ид-əл-Фитр жəне Ид-əл-Адха" (Құрбан айт жəне Ораза айт) »,- деп айтты.
 (Əбу Дəуід, 1134-ші хадис)

Сондықтан, мұсылмандар əр түрлі дін өкілдерінің адасушылықтарына еріп кетуден сақтану керек жəне балаларды да одан аулақ қылу керек. Алла жақсы білуші.

Дайындаған: Хадис əл-Ханафи 
Дереккөз: vk.com/islam_hanafi_madhab

Наурыз жайында қосымша дерек

Пікірлер

Дейінгі Келесі