​​ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАҒАН АДАМ НАМАЗДЫ ҚАЛАЙ ОҚУ КЕРЕК?

Сұрақ:

Бір жігіт Ислам дінін енді қабылдады. Ол әл-Фәтиха сүресін әлі жаттаған жоқ және араб әріптерін дұрыс айта алмайды. Мұндай адам намаздың негізгі парыздарын (рүкүғ, сәжде) біліп, бірақ, намазда оқылатын сүрелер мен дұғаларды білмесе, намазды қалай оқуы керек?


Жауап:

Ислам дінін енді қабылдаған адам, намазда оқылатын сүрелер мен дұғаларды білмесе, онда оларды тезірек жаттап алу үшін әрекет етуі қажет. Бірақ, оларды білмесе де намаз оқудан босатылмайды.

Біздің дініміз адамға шамасынан тыс жүк артпайды және дінде егер де ол адам бір құлшылықты толық орындауға мүмкіншілігі болмаса, онда оған жеңілдіктер қарастырылған.


Сондықтан, егер ондай адам сүрелер мен дұғаларды әлі жаттамаған болса, онда алғашқы тәкбірді («Аллаһу әкбар») айтып және қажетті намаз әрекеттерін орындауы қажет. Намаздың бір әрекетінен келесіне көшкен кезде осылай «Аллаһу әкбар» деп айтуы керек. Құран сүрелері немесе дұғалар оқылатын жерде ол «Субханаллаһ», «Әлхәмдулилләһ» немесе «Лә иләһә илләллаһ» деп айтсын (қайсысы оған айту жеңілірек болса). Ондай намаз қабыл болады.


Бұл ереже Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабасына мынадай кеңес берген хадисіне негізделген:

«Егер сен Құранның бөлігін білсең, онда соны оқы. Егер де сен Құранның еш бөлігін жаттамаған болсаң, онда (оның орнына) «Субханаллаһ», «Әлхәмдулилләһ» немесе «Лә иләһә илләллаһ» деп айт»

(Тирмизи, хадис 302, жеткізген Рифа’а ибн Рафи’).


Ол қажетті сүрелер мен дұғаларды жаттап алғаннан кейін намазды толық орындай алады.


Аллаһ жақсырақ білуші.


Муфтий Сухәйл Тармахомед


Дереккөз: annisa-today.ru/link/button/#0088ff

Дайындаған: darulahnaf.com/link/button/#0088ff

1 Comments

Post a Comment

Дейінгі Келесі