Аллаға тәуекел етудің маңыздылығы.



Біздің уақытымызда көп адамдар материализмге тәуекел етеді, ал Аллаға тәуекел ететіндер аз. Кейбір адамдар, дертке, кедейлікке және басқа да сынақтарға тап болғанда, бірден адамдарға жүгініп, олардан көмек сұрай бастайды, бірақ олар Алла Тағалаға жүгінсе, Ол оларға Жомарт және Рақымды екенін білер еді.

Алла Тағалаға тәуекел ету (тәуәккул) - Алла Тағала айтқандай мүміндердің ерекшелігі: 

وَالَّذِينَ هَاجَرُوا فِي اللَّهِ مِنْ بَعْدِ مَا ظُلِمُوا لَنُبَوِّئَنَّهُمْ فِي الدُّنْيَا حَسَنَةً وَلَأَجْرُ الْآخِرَةِ أَكْبَرُ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ * الَّذِينَ صَبَرُوا وَعَلَى رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ

«Сондай зұлымдыққа ұшырағаннан кейін Алла жолында босқандарды, дүниеде жайлы қонысқа орналастырамыз. Егер олар білетін болса, ақыреттегі сыйлығы тағы үлкен. Олар, сондай сабыр етіп, Раббыларыңа тәуекел еткендер».
(Нәхіл сүресі 41-42 аят)

Олар серігі жоқ, Жалғыз болған Раббысына тәуекел етеді. Алла Тағала бізге өзінің Раббысына тәуекел еткен мүміндерге шайтан үстемдік жасай алмайтынын баяндайды:

إِنَّهُ لَيْسَ لَهُ سُلْطَانٌ عَلَى الَّذِينَ آمَنُوا وَعَلَى رَبِّهِمْ يَتَوَكَّلُونَ

«Шын мәнінде иман келтіріп, Раббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды».
(Нәхіл сүресі, 99 аят)

Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағалаға тәуекел етудің мақсатын түсіндіреді.

Омар ибн әл-Хаттабтың (Алла оған разы болсын) сөзінен жеткен хадисте, Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқаны жеткізіледі: 

لو أنكم توكلتم على الله حق توكله لرزقكم كما يرزق الطير، 
تغدو خماصا وتروح بطانا

«Егер де Аллаға шынайы түрде тәуекел етсеңдер, Хақ тағала сендерді таңертең ұясынан аш құрсақ ұшып шығып, кешке қарай жемсауы толып оралған құстарды ризықтандырғаны секілді ризықтандырар еді».
(Тирмизи)

Алла Елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) үмметінде Жәннәтқа есепке тартылусыз және азапсыз кіретін адамдар бар.

Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) жеткен хабарда, Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) былай айтқаны жеткізіледі:

فنظرتُ فإذا سواد عظيم، فقيل لي انظر إلى الأفق الآخر، فإذا سوادٌ عظيم، فقيل: لي هذه أمتك ومعهم سبعون ألفاً يدخلون الجنة بغير حساب ولا عذاب، ثم نهض فدخل منزله، فخاض الناس في أولئك الذين يدخلون الجنة بغير حساب ولا عذاب، فقال بعضهم: فلعلهم الذين صحبوا رسول الله -صلى الله عليه وسلم-، وقال بعضهم: فلعلهم الذين وُلدوا في الإسلام فلم يشركوا بالله، وذكروا أشياء، فخرج عليهم رسول الله -صلى الله عليه وسلم- فقال: ما الذي تخوضون فيه؟ فأخبروه فقال: هم الذي لا يسترقون ولا يتطيرون وعلى ربهم يتوكّلون

«Мен қарадым, сонда адамдар көп болды, содан кейін маған: "(Ал енді) басқа жаққа қара", және сонда да көп адам болды. Содан кейін маған айтты: "Бұл – сенің үмметтің және олардың арасында 70 000 адам есеп-қисапсыз және азапсыз Жәннатқа кіреді».
Бұдан кейін Пайғамбар (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көтеріліп, өз үйіне кірді, ал адамдар кім Жәннатқа есеп-қисапсыз және азапсыз кіреді екенін талқылайды. Олардың біреуі айтты: «Бәлкім, олар Алла елшісінің сахабалары (Алланың оларға разы болсын) болар». Басқасы айтты: «Бәлкім, ол Исламда туылып және Алладан басқа ешкімге табынбағандар болар», және олар әртүрлі басқа пікірлер айтты, ал (бірнеше уақыттан кейін) оларға Алла Елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) шығады. Ол сұрады: «Сендер не туралы әңгіме қозғап жатырсыңдар?». Олар оған айтып берді. Сонда ол айтты: «Олар ешкімге қастандық айтпайды және басқаларға да осы үшін жүгінбейді, құстардың ұшуын қарап, жаман ырымдарға сенбейді және өзінің Раббысына тәуекел етеді».
(Бухари)

Хафиз Ибн Раджаб әл-Ханбәли (Алла оны рақымына алсын) "Джами әл-Улюм уәл-Хикәм"-да (409 бет):

التوكل هو: صدق اعتماد القلب على الله عز وجل في استجلاب المصالح، ودفع المضار من أمور الدنيا والآخرة، وكِلَةُ الأمور كلها إليه

«Тәуәккул - бұл шынайы жүрекпен Аллаға осы дүниеде де және де ақыретте де пайда алуда және қауіптен сақтауда барлық нәрселерде Оған тәуекел ету».

Имам әл-Джурджани (Алла оны рақымына алсын) "әт-Тәсрифат" кітабында (74 бет) айтты:

التوكل هو الثقة بما عند الله، واليأس عما في أيدي الناس

«Тәуәккул - бұл адамдардың қолындағысына қарамай, Аллаға ғана тәуекел ету».

Кейбір адамдар қателік жасап ойлайды, тәуәккул деген Алла Тағалаға бір мақсатқа жетемін деп, ешбір іс-әрекетсіз тәуекел ету.

Имам Тирмизидің "Сунанында" әл-Муғира ибн әбу Қурра әс-Сәдусий былай айтқаны жайлы хадис келеді:

سمعت أنس بن مالك يقول قال رجل يا رسول الله أعقلها وأتوكل أو أطلقها وأتوكل قال اعقلها وتوكل

«Мен Әнәс ибн Мәлик былай айтқанын естідім: «Уа, Алланың Елшісі! Түйемді байлап сосын тәуекел етейінбе? Әлде бос қойып, сосын тәуекел етейінбе?» деп сұрады. Сонда Алланың елшісі (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Алдымен байлап сосын тәуекел ет».

Алла Тағаладан бәрімізді тәуекел етушілерден қылуды сұраймын, шындығында, Ол Естуші және дұғаларға жауап Қайтарушы.

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com

Пікірлер

Дейінгі Келесі