Өлілер естиді ме?


«Шапағат сұрау» тақырыбын талқылау кезде, тағы бір өзекті тақырыптардың бірі пайда болып тұрған бұл – «өлілер естиді ме?» деген сұрақ. Өйткені біздің қарсыластарымыздың пікірі бойынша (яғни, уахабилер), шапағат сұрауды ширк амалына жатқызады, олардың пікірі бойынша «өлілер естімейді өздеріне айтылған сөздерді» — деген түсінікті ұстанады. Мынадай тізбек пайда болып тұр және оған қарамастан мынадай адамдар бар өздерінің білімсіздігі мен надандықтарына батқан, олардың түсінігі бойынша — егер өлілер естімейтін болса, оған үндеуші (яғни, марқұмға дұға қылушы), Алланың «Естуші» сипатын беруде және ол (үндеуші) сонымен қатар ширк амалын жасап тұр деген қайшы пікір білдіруде. Қысқаша айтқанда өлілер естеиді деген сенімде болған адам, бұл – өз алдына ширк болып табылады деп айтуда. Жәнеде бұл адамдар өздерін ақиқат жолындамыз деп есептейді және бұл Әһлу Суннаның пікірі болып табылады деп есептеуде.

 Егер бұл расыменде солай болса, Әһлу Сунна ғұламаларының пікірлері қандай бұл мәселеде? Мақаламызды Ахмад ибн Таймия мен оның шәкірті Ибн Қайим әл-Жаузиянің сөздерімен бастағымыз келеді, алайда «тек қана біздер таухидтамыз, басқалары адасқан, немесе ширк амалын жасауда» деген бауырларымыз бұл екі шейхтіңде сөздерін қабылдауы екі талай, өйткені оларға «адасты», «қателесті» немесе ол кезде олар «сопы» болды деген сөзді айта салу өте оңай!

Өлілер естиді ме?

Шейх Ахмад ибн Таймия (661-728 һ.ж./1263-1328 м.ж.), марқұмдардың естуі жайында, өзінің «Маджму әл-Фатауә» кітабында былай деп айтқан:

 وَقَدْ رَوَى ابْنُ أَبِي الدُّنْيَا فِي كِتَابِ ذِكْرِ الْمَوْتِ عَنْ مَالِكِ بْنِ أَنَسٍ قَالَ : « بَلَغَنِي أَنَّ الرُّوحَ مُرْسَلَةٌ تَذْهَبُ حَيْثُ شَاءَتْ « وَهَذَا يُوَافِقُ مَا رُوِيَ : « أَنَّ الرُّوحَ قَدْ تَكُونُ عَلَى أَفْنِيَةِ الْقُبُورِ « كَمَا قَالَ مُجَاهِدٌ : إنَّ الْأَرْوَاحَ تَدُومُ عَلَى الْقُبُورِ سَبْعَةَ أَيَّامٍ يَوْمَ يُدْفَنُ الْمَيِّتُ لَا تُفَارِقُ ذَلِكَ وَقَدْ تُعَادُ الرُّوحُ إلَى الْبَدَنِ فِي غَيْرِ وَقْتِ الْمَسْأَلَةِ « كَمَا فِي الْحَدِيثِ الَّذِي صَحَّحَهُ ابْنُ عَبْدِ الْبَرِّ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّهُ قَالَ : { مَا مِنْ رَجُلٍ يَمُرُّ بِقَبْرِ الرَّجُلِ الَّذِي كَانَ يَعْرِفُهُ فِي الدُّنْيَا فَيُسَلِّمُ عَلَيْهِ إلَّا رَدَّ اللَّهُ عَلَيْهِ رُوحَهُ حَتَّى يَرُدَّ عَلَيْهِ السَّلَامَ } وَفِي سُنَنِ أَبِي دَاوُد وَغَيْرَهُ عَنْ أَوْسِ بْنِ أَوْسٍ الثَّقَفِيِّ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنَّهُ قَالَ : { إنَّ خَيْرَ أَيَّامِكُمْ يَوْمُ الْجُمُعَةِ فَأَكْثِرُوا عَلَيَّ مِنْ الصَّلَاةِ يَوْمَ الْجُمُعَةِ وَلَيْلَةَ الْجُمُعَةِ ؛ فَإِنَّ صَلَاتَكُمْ مَعْرُوضَةٌ عَلَيَّ . قَالُوا : يَا رَسُولَ اللَّهِ كَيْفَ تُعْرَضُ صَلَاتُنَا عَلَيْك وَقَدْ أَرَمْت فَقَالَ : إنَّ اللَّهَ حَرَّمَ عَلَى الْأَرْضِ أَنْ تَأْكُلَ أَجْسَادَ مُسْتَقْدِمِينَ مِنَّا وَمِنْكُمْ وَالْمُسْتَأْخِرِين نَسْأَلُ اللَّهَ لَنَا وَلَكُمْ الْعَافِيَةَ . اللَّهُمَّ لَا تَحْرِمْنَا أَجْرَهُمْ وَلَا تَفْتِنَّا بَعْدَهُمْ وَاغْفِرْ لَنَا وَلَهُمْ } . وَقَدْ انْكَشَفَ لِكَثِيرِ مِنْ النَّاسِ ذَلِكَ حَتَّى سَمِعُوا صَوْتَ الْمُعَذَّبِينَ فِي قُبُورِهِمْ وَرَأَوْهُمْ بِعُيُونِهِمْ يُعَذَّبُونَ فِي قُبُورِهِمْ فِي آثَارٍ كَثِيرَةٍ مَعْرُوفَةٍ وَلَكِنْ لَا يَجِبُ ذَلِكَ أَنْ يَكُونَ دَائِمًا عَلَى الْبَدَنِ فِي كُلِّ وَقْتٍ ؛ بَلْ يَجُوزُ أَنْ يَكُونَ فِي حَالٍ دُونَ حَالٍ وَفِي الصَّحِيحَيْنِ عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ { أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ تَرَكَ قَتْلَى بَدْرٍ ثَلَاثًا ثُمَّ أَتَاهُمْ فَقَامَ عَلَيْهِمْ فَقَالَ : يَا أَبَا جَهْلِ بْنَ هِشَامٍ يَا أُمَيَّةَ بْنَ خَلَفٍ يَا عتبة بْنَ رَبِيعَةَ يَا شَيْبَةَ بْنَ رَبِيعَةَ أَلَيْسَ قَدْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَكُمْ رَبُّكُمْ حَقًّا ؟ فَإِنِّي وَجَدْت مَا وَعَدَنِي رَبِّي حَقًّا فَسَمِعَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَوْلَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ . فَقَالَ : يَا رَسُولَ اللَّهِ كَيْفَ يَسْمَعُونَ وَقَدْ جُيِّفُوا ؟ فَقَالَ : وَاَلَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ مَا أَنْتُمْ بِأَسْمَعَ لِمَا أَقُولُ مِنْهُمْ وَلَكِنَّهُمْ لَا يَقْدِرُونَ أَنْ يُجِيبُوا ثُمَّ أَمَرَ بِهِمْ فَسُحِبُوا فَأُلْقُوا فِي قَلِيبِ بَدْرٍ . } وَقَدْ أَخْرَجَاهُ فِي الصَّحِيحَيْنِ عَنْ ابْنِ عُمَر رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا { أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَقَفَ عَلَى قَلِيبِ بَدْرٍ فَقَالَ هَلْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَكُمْ رَبُّكُمْ حَقًّا ؟ وَقَالَ إنَّهُمْ لَيَسْمَعُونَ الْآنَ مَا أَقُولُ فَذَكَرَ ذَلِكَ لِعَائِشَةَ فَقَالَتْ : وَهِمَ ابْنُ عُمَرَ . إنَّمَا قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إنَّهُمْ لَيَعْلَمُونَ الْآنَ أَنَّ الَّذِي قُلْت لَهُمْ هُوَ الْحَقُّ ثُمَّ قَرَأَتْ قَوْله تَعَالَى { إنَّكَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَى } حَتَّى قَرَأَتْ الْآيَةَ } . وَأَهْلُ الْعِلْمِ بِالْحَدِيثِ وَالسُّنَّةِ : اتَّفَقُوا عَلَى صِحَّةِ مَا رَوَاهُ أَنَسٌ وَابْنُ عُمَرَ وَإِنْ كَانَا لَمْ يَشْهَدَا بَدْرًا فَإِنَّ أَنَسًا رَوَى ذَلِكَ عَنْ أَبِي طَلْحَةَ وَأَبُو طَلْحَةَ شَهِدَ بَدْرًا . كَمَا رَوَى أَبُو حَاتِمٍ فِي صَحِيحِهِ عَنْ أَنَسٍ عَنْ أَبِي طَلْحَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ { أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَمَرَ يَوْمَ بَدْرٍ بِأَرْبَعَةٍ وَعِشْرِينَ رَجُلًا مِنْ صَنَادِيدِ قُرَيْشٍ فَقُذِفُوا فِي طُوًى مِنْ أَطْوَاءِ بَدْرٍ وَكَانَ إذَا ظَهَرَ عَلَى قَوْمٍ أَحَبَّ أَنْ يُقِيمَ فِي عَرْصَتِهِمْ ثَلَاثَ لَيَالٍ فَلَمَّا كَانَ الْيَوْمُ الثَّالِثُ : أَمَرَ بِرَاحِلَتِهِ فَشَدَّ عَلَيْهَا فَحَرَّكَهَا ثُمَّ مَشَى وَتَبِعَهُ أَصْحَابُهُ . وَقَالُوا : مَا نَرَاهُ يَنْطَلِقُ إلَّا لِبَعْضِ حَاجَتِهِ ؛ حَتَّى قَامَ عَلَى شِفَاءِ الرُّكَّى ؛ فَجَعَلَ يُنَادِيهِمْ بِأَسْمَائِهِمْ وَأَسْمَاءِ آبَائِهِمْ يَا فُلَانَ بْنَ فُلَانٍ أَيَسُرُّكُمْ أَنَّكُمْ أَطَعْتُمْ اللَّهَ وَرَسُولَهُ ؟ فَإِنَّا قَدْ وَجَدْنَا مَا وَعَدَنَا رَبُّنَا حَقًّا . فَهَلْ وَجَدْتُمْ مَا وَعَدَكُمْ رَبُّكُمْ حَقًّا ؟ قَالَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ : يَا رَسُولَ اللَّهِ مَا تُكَلِّمُ مِنْ أَجْسَادٍ وَلَا أَرْوَاحَ فِيهَا . فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ وَاَلَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ ؛ مَا أَنْتُمْ بِأَسْمَعَ لِمَا أَقُولُ مِنْهُمْ } . قَال قتادة : أَحْيَاهُمْ اللَّهُ حَتَّى سَمِعَهُمْ تَوْبِيخًا وَتَصْغِيرًا وَنِقْمَةً وَحَسْرَةً وَتَنْدِيمًا . وَعَائِشَةُ تَأَوَّلَتْ فِيمَا ذَكَرَتْهُ كَمَا تَأَوَّلَتْ أَمْثَالَ ذَلِكَ . وَالنَّصُّ الصَّحِيحُ عَنْ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مُقَدَّمٌ عَلَى تَأْوِيلِ مَنْ تَأَوَّلَ مِنْ أَصْحَابِهِ وَغَيْرِهِ وَلَيْسَ فِي الْقُرْآنِ مَا يَنْفِي ذَلِكَ فَإِنَّ قَوْلَهُ : { إنَّكَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَى } إنَّمَا أَرَادَ بِهِ السَّمَاعَ الْمُعْتَادَ الَّذِي يَنْفَعُ صَاحِبَهُ فَإِنَّ هَذَا مَثَلٌ ضُرِبَ لِلْكُفَّارِ وَالْكُفَّارُ تَسْمَعُ الصَّوْتَ لَكِنْ لَا تَسْمَعُ سَمَاعَ قَبُولٍ بِفِقْهِ وَاتِّبَاعٍ كَمَا قَالَ تَعَالَى : { وَمَثَلُ الَّذِينَ كَفَرُوا كَمَثَلِ الَّذِي يَنْعِقُ بِمَا لَا يَسْمَعُ إلَّا دُعَاءً وَنِدَاءً } . فَهَكَذَا الْمَوْتَى الَّذِينَ ضَرَبَ لَهُمْ الْمَثَلَ لَا يَجِبُ أَنْ يُنْفَى عَنْهُمْ جَمِيعُ السَّمَاعِ الْمُعْتَادِ أَنْوَاعَ السَّمَاعِ كَمَا لَمْ يُنْفَ ذَلِكَ عَنْ الْكُفَّارِ ؛ بَلْ قَدْ انْتَفَى عَنْهُمْ السَّمَاعُ الْمُعْتَادُ الَّذِي يَنْتَفِعُونَ بِهِ وَأَمَّا سَمَاعٌ آخَرُ فَلَا يُنْفَى عَنْهُمْ 

 «Ибн Әби әд-Дуния өзінің «Өлімді еске алу» деген кітабында, имам Мәлік ибн Анастың былай деп айтқанын риуаят етеді: «Маған былай деп жетті, рух емін-еркін қайда барғысы келсе сонда барады». Бұл мынамен сәйкес келеді «Рух қабірдің айналасында болады». Муджахидте былай деп айтқан: «Марқұмды қабірге жерлегеннен кейін, рух сол жерде жеті күнге дейін болады және ол жерден кетпейді. Және рух денеге тек қана сұрақ-жауап болғанда ғана қайтпайды». Хадисті сахих деп есептегендей Ибн Әбдиль-Барр былай деп риуаят етеді, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Осы өмірде таныс болған баурының қабірінің қасынан өтіп бара жатып, сәлем бермеген адам табылмас, өйткені Алла Тағала оның рухын денесіне қайтарып, және ол сәлямға жауап берер».

 Сунан Әбу Даудта және басқаларында, Ауса бин Ауса әс-Сақъафиден, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Сендер үшін ең абзал күн – жұма. Ендеше сол күні Маған салауатты көп айтыңдар. Себебі, сендердің слауаттарың Маған жетеді, – деп айтқан уақытта адамдар: “Я, Расулуллаһ! Сіз топыраққа айналсаңыз, біздің салауаттарымыз Сізге (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қалай жетеді?” – деп сұрады. Расулуллаһ (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): “Алла Тағала Пайғамбарлардың денелерін шірімейтін еткен” – деп жауап берді».

 Бұл тақырыпқа қатысты, өте көптеген хадистер мен риуаяттар бар, яғни адам денесі қабірде рахаттанады не азапталады Алла Тағаланың қалауымен, және рухтарда да солай, олар денеден шығып қабірде қалады да, рахатқа бөленеді не азапқа тартылады. Сондықтан сахихте және сунанда жазылғандай, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) марқұмдарға бұйырды сәлям беруге, әрі ол өзінің сахабаларын қабірді зиярат еткен кезде, былай деп айтып үйретті: «Әссәляму Әлейкум бұл жердің мекендушілеріне иман келтіргендерден. Біздер де Алла қаласа сендерге қосыламыз. Біздің заманымызға дейін болғандарды және сіздердің, және кейін кететіндерді, Алла Тағала Өзінің мейріміне бөлесін. Бізге де және сіздерге де игілік тілейміз. Уа Аллахым, бізді олардың сыйынан айырма, және олардан кейін бізді бүліктен (фитнадан) алыстат. Және бізді де, оларды да кешіре гөр». Бұл көптеген адамдарға қабірдегі дауысты, азапталуды және оларды өздерінің көздерімен көру ашылды. Бұл көптеген риуаяттар арқылы жетті. Алайда әр уақытта, бұл міндетті емес үнемі денемен болуы. Бәлкім бұл әр-түрлі жағдайға қарасты болуы мүмкін.

 Екі сахихта Әнас бин Мәліктен (оған Алла разы болсын) риуаят етілді, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш күннен кейін Бәдір шайқасында өлгендердің үстіне тұрып, былай деп айтқан: «Ей, Әбу Жәһл ибн Һишам! Ей, Умәййә ибн Халаф! Ей, Ғұтба ибн Рабиға! Ей, Шәйбә ибн Рабиға! Сендер Раббыларыңның уәде еткенін ақиқат таптыңдар ма? Расында, мен Раббымның өзіме уәде еткенін ақиқат таптым», – деді. Омар Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін естіп: «Уа, Аллахтың елшісі! Сасыған мүрделерге айналған олар қалай естімек және қалай жауап бермек?!» – деп сұрады. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жаным қолында болған Аллахпен ант етейін, сендер менің айтқанымды олардан жақсы естіп тұрған жоқсыңдар. Бірақ олар жауап бере алмайды», – деді. Содан кейін (Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)) оларға қатысты бұйрық беріп, олар сүйретіліп апарылып, Бәдірдегі ескі құдыққа тасталды». 

Сондай-ақ, имам Бұхари мен Муслимнің сахихында Ибн Омардан (оған Алла разы болсын) былай деп риуаят етілді, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Бәдір құдығының қасына тоқтап, былай деп айтқан: «Сендер Раббыларыңның уәде еткенін ақиқат таптыңдар ма?» және олар мені естіп тұр не айтып тұрғанымды. Бұл айтылғандар мүміндердің анасы Айшаға айтылды, ол айтты: «Ибн Омар қателесті, ақиқатында Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты, олар біледі деді (естиді деген жоқ) мен не айтқанымды, мен оларға айттым бұл ақиқат деп», кейін Айша Алла Тағаланың сөзін оқыды: «Ақиқатында, сен мәжбүр ете алмайсың өлілерді естуге».

 Хадистанушы білім иелері ортақ көз қараста, Анас ибн Мәлік және Ибн Омардың риуаятын сахих деп бағалады, тіпті олар Бәдір шайқасында жеке болмған болса да. Анас бұны Әбу Талхадан жеткізді, ал ол Бәдір шайқасында болды, бұны Әбу Хатим өзінің сахихында Анастан, ал ол Әбу Талхадан, риуаят етті, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді, Құрайыш тайпасының 24 (өлген) ақсүйектерін Бәдірдегі құдыққа тасталсын деп бұйырды. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қандайда болмасын бір тайпаны жеңген кезде, олардың жерлерінде үш түн болғанды ұнататын. Және үшінші күн болған кезде, ол өзінің мініс көлігін дайындауын және әкелуін бұйырды, кейін жол жүрді және сахабаларда оның соңынан ілесті. Және олар былай деп айтты: «Біз оның, өзіне қажет болған уақытта ұзағанынан басқа ештеме көрмедік». Және бұл сол уақытқа дейін жалғасты, яғни ол құдықтың қасына тұрғаннан кейін, оларға есімдерімен және әкелерінің есімдерімен үндеу білдірді. «Ей пәленше, пәленшенің ұлы, сендер Аллаға жене Оның елшісіне қарсы болғандарың сендерді қуантып тұрма? Біздерге Раббымыз уәде еткен ақиқат таптық. Сендер Раббыларыңның уәде еткенін ақиқат таптыңдар ма?». Омар Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөзін естіп: «Уа, Аллахтың елшісі! Сіз неге рухтары жоқ денелермен сөйлесіп тұрсыз?». Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жаным қолында болған Аллахпен ант етейін, сендер менің айтқанымды олардан жақсы естіп тұрған жоқсыңдар».

 Қатада айтады: «Алла Тағала тірілтті оларды естулері үшін және олар өкінді, өздерін жазғырды, кінәлады, қайғырды және мұңға батты. Айша өздерінің сөздерімен Таъуиль жасады (яғни, алдыңғы жоғарыда келген риуаяттарға), бірақ тек қана бұл сөздерге емес. Алайда сенімді насстар Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен, қандайда болмасын Таъуильмен кейінге қайтарылмайды сахабалардың Таъуилімен немесе т.б. Және Құранда бұған ешқандай қарама-қайшылық жоқ. Ал мына аятқа келетін болсақ: «Ақиқатында, сен мәжбүр ете алмайсың өлілерді естуге» — деген, алайда бұл жерде (тірі адамның) қарапайым естуді айтып тұр, және естіген адам пайда алып келе алатындығын (яғни, марқұм естігеніне пайдасын шығара алмайды). Бұл жерде кәпір адамның мысалын келтіріп тұр, әйткенмен кәпір адам дауысты естейді. Жалпы олар дауысты естейді, бірақ бұл жерде ұғынуды және еруді меңзеп тұр. Алла Тағала мысал келтіргендей: «Кәпірлердің, мысалы: Дабыстағанда, үнді, айғайды ғана естіп түсінбейтін біреу тәрізді; саңырау, сақау және соқыр. Сонда олар еш нәрсені аңғармайды» [Бақара сүресі 2/171 аят]. Және өлілер де дәл сондай, оларға мысал берілгендей: Кәпірлер секілді міндетті емес олардың барлығы естімей қалулары, яғни есту түрлерінен (марқұмдарды айтып тұр). Олар қарапайым есту түрінен айрылған, өздеріне пайдасын тигізе алатын, ал бұдан басқа есту түріне келетін болсақ, олар одан да айрылған». [Дереккөз: Ибн Таймия «Маджу әл-Фатауә», 4/296-299.] 

Ибн Қайим әл-Жаузийя (д.ө.ж. 691-751 һ.ж.), өзінің «әр-Рух» кітабында, марқұмдардың естулері жайында, былай деп жазған:

 الروح, ابن القيم, دار الكتب العلمية, 1395 – (1 / 7) قال المؤلف: وأبلغ من ذلك أن الميت يعلم بعمل الحى من أقاربه وإخوانه 

«Жәнеде олар: марқұмдар ағайындарының және бауыларының амалдарын біледі».[Дереккөз: Ибн Қайим «әр-Рух», 7-бет.] Кейін ол мақұлдады:

 الروح, ابن القيم, دار الكتب العلمية, 1395 – (1 / 8) قال المؤلف: وهذا باب في آثار كثيرة عن الصحابة وكان بعض الأنصار من أقارب عبد الله بن رواحة يقول اللهم إنى أعوذ بك من عمل أخزى به عند عبد الله بن رواحة كان يقول ذلك بعد أن استشهد عبد الله ويكفي في هذا تسمية المسلم عليهم زائرا ولولا أنهم يشعرون به لما صح تسميته زائرا فإن المزور إن لم يعلم بزيارة من زاره لم يصح أن يقال زاره هذا هو المعقول من الزيارة عند جميع الأمم وكذلك السلام عليهم أيضا فإن السلام على من لا يشعر ولا يعلم بالمسلم محال وقد علم النبي أمته إذا زاروا القبور أن يقولوا سلام عليكم أهل الديار من المؤمنين والمسلمين وإنا إن شاء الله بكم لاحقون يرحم الله المستقدمين منا ومنكم والمستأخرين نسأل الله لنا ولكم العافية وهذا السلام والخطاب والنداء لموجود يسمع ويخاطب ويعقل ويردو إن لم يسمع المسلم الرد وإذا صلى الرجل قريبا منهم شاهدوه وعلموا صلاته وغبطوه على ذلك 

 «Бұған қатысты көптеген риуаяттар бар сахабалардан, және Абдуллах ибн Равааханың кейбір туыстарынан, олар былай деп айтқан: «Уа Аллахым, расында мен Өзіңнен пана сұраймын, менің іске асырған нәрселерім үшін, және Абдуллах ибн Равааханың көзінің алдында ұят болып масқара болудн». Олар бұны Абдуллах шахид болғаннан кейін айта бастады.

 Бұған жеткілікті болып табылатын, бұл мұсылман адамның қабір басына келуін «зиярат етуші» деп аталуы, өйткені өлілер оны көрмесе және сезбесе, онда бұндай атау жарамсыз болып табылар еді: егер кімді зиярат етіп келген болса, ал ол (қабірдегі марқұм) өзіне келгенді білмесе, онда сіз былай деп айта алмайсыз: «ол, оны зиярат етті» — деп! Бұл «зиярат ету» сөзі, барлық тілдерде айтылады (яғни барлық халықтарда). Және «сәлям» да солай, естімейтін адамға (қабірдегі) сәлям беру, және ол өзіне сәлям берген адамды танымау мүмкін емес, өйткені Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қауымын үйретті егер олар қабірді зиярат етсе, онда олар былай деп айтулары тиісті: «Сәлям Әлейкум бұл қорымның мекендеушілеріне мұсылмандардан болған, ақиқатында, біз Алланың қалауымен сендерге де қосыламыз. Сендерден бұрын және кейін кеткендерді Алла Тағала рақым етсін. Біз Алладан пана сұраймыз сендерге және өзімізге».

 Бұнда сәлемдесу бар, үндеу және өтініш білдіру бар болғанға, естіп, түсініп, жауап беріп тұрғанға және үндеу білдіргенге. Сондай-ақ, егер адам баласы жақын жерде ғибадат қылып жатырса, онда олар (қабірдегі марқұмдар) оның ғибадат етіп жатырғаннын біледі, және бізде соны жасайық деп едік, — дейді».
[Дереккөз: Ибн Қайим «әр-Рух», 8-бет.] 

 Дәл осы кітаптың басқа жерінде, ол хадис келтіргеннен кейін былай деп мақұлдайды:

 الروح, ابن القيم, دار الكتب العلمية, 1395 – (1 / 101-102) قال المؤلف : ففي هذا الحديث بيان سرعة انتقال أرواحهم من العرش إلى الثرى ثم انتقالها من الثرى إلى مكانها ولهذا قال مالك وغيره من الأئمة أن الروح مرسلة تذهب حيث شاءت وما يراه الناس من أرواح الموتى ومجيئهم إليهم من المكان البعيد أمر يعلمه عامة الناس ولا يشكون فيه والله أعلم وأما السلام على أهل القبور وخطابهم فلا يدل على أن أرواحهم ليست في الجنة وأنها على أفنية القبور فهذا سيد ولد آدم الذي روحه في أعلى عليين مع الرفيق الأعلى عند قبره ويرد سلام المسلم عليه وقد وافق أبو عمر رحمه الله على أن أرواح الشهداء في الجنة ويسلم عليهم عند قبورهم كما يسلم على غيرهم كما علمنا النبي أن نسلم عليهم وكما كان الصحابة يسلمون على شهداء أحد وقد ثبت أن أرواحهم في الجنة تسرح حيث شاءت كما تقدم ولا يضيق عقلك عن كون الروح في الملأ الأعلى تسرح في الجنة حيث شاءت وتسمع سلام المسلم عليها عند قبرها وتدنو حتى ترد عليه السلام وللروح شأن آخر غير شأن البدن 

 «Бұл хадис рухтың жылдам қозғалуын білдіреді, яғни Арштан бастап жерге дейін, және кейін жерден өзінің орнына қайта оралуын, және бұған қатысты имам Мәлік пен басқа имамдар айтты: «рух емін-еркін жүреді қайда барғысы келсе сонда». Тіпті бұған қарамастан адамдар, марқұмдардың рухтарын көреді, және адамдарға, олар алыстан келеді – бұл адамдарға белгілі, және бұған күмән келтірмейді. Аллаға дұрысы мәлім.

 Ал қабірдегілерге сәлям беру және олармен сөйлесу мәселесіне келетін болсақ – бұл олардың жұмақта және олар тек қана өздерінің қабірінде деген сөз емес, адамдардың мырзасы болғандар, олар ең мәртебелі орында орналасқан Алланың қамқорлығымен, және сондай-ақ, ол өзінің қабірінде де орналасқан және сәлямға жауап береді мұсылман баурының. Сондай-ақ, халифа Омар (оған Алла разы болсын) – мұсылмандардың екінші әділ басшысы және барлық мұсылмандардың басшысы келіскен болатын, яғни дін үшін шахид болғандардың рухы жұмақта болатындығына, дегенмен оларға сәлям беріледі, және дәл сондай қабір иелеріне де (мұсылмандарға). Алайда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) біздерді оларға сәлям беруді үйретті, және сахабаларда Ухуд соғысында шахид болғандарға сәлям берді. Бұдан басқа былай деп нақты мақұлданды, олардың рухтары жұмақта, және олар қайда барғысы келседе, сондай барады, бұл жайында жоғарыда айтылды.

 Рухтың жұмақта болуында, жүруінде, қайда барғысы келсе сонда баруына, және сонымен қоса оның қабіріне келген мұсылманның оған сәлям беруінде, келіп және оған жауап беруіне, бұны қабылдауда сенің ақыл-ойың соншалықты тар болмау керек . Рух бұл тән емес (яғни дене-мүше емес!)». 
[Дереккөз: Ибн Қайим әл-Джаузий «әр-Рух», 101-102 бет. Дар әл-Кутуб әл-Ильмийя, 1395] 

Шәфиғи мәзхабынан болған көрнекті мухаддис ғұлама Ибн Хаджар әл-Асқалани (оған Алланың рақымы болсын) 773-852 һ.ж./1372-1449 м.ж., былай деп айтады, көпшілік (джумхур) ғұламалардың пікірі өлілер естейді:

 قالتْ : «إِنَّمَا قَالَ النَّبِيّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِنَّهُمْ لَيَعْلَمُونَ الْآن مَا إِنْ كُنْت أَقُول لَهُمْ حَقّ « , وهذا مَصيرٌ مِن عائشةَ إلى ردِّ روايةِ بنِ عمرَ المذكورةِ , وقد خالفَها الجمهورُ في ذلك , وقبِلوا حديثَ بنِ عمرَ لموافقةِ منَ رواه غيرِه عليه 

 «(Айша анамыз) былай деп айтады: Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан “бұнда ешқандай күмән жоқ, олар дәл қазір жақсырақ білуде, менің оларға алдыңғы айтқаным ақиқат болып табылады”. Бұл Ибн Омардан келген риуаятты, теріске шығару белгісі Айшадан (яғни Бәдір құдығына тасталған өліктердің сөздеріне қатысты). Джумхур/көпшілік бұл сұраққа қатысты Айшаға қайшы болып шықты (яғни марқұмдар естейді деп қабылдады). Және басқа рауилердің жеткізген риуаяттары сәйкес келуіне қатысты, Ибн Омардың риуаятын қабылдады».
 [Дереккөз: Ибн Хаджар Асқалани «Фатхуль Бәри» 4/159. Рияд баспасы: Дару Тайба: 1426/2005] 

 Әһлу Суннаның ең көрнекті имамдарының бірі Ибн Джарир әт-Табари (оған Алланың рақымы болсын) 224-310 һ.ж./839-923 м.ж., Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Бәдірдегі қъалиб құдығына өлілер тасталған кезде үндеу білдіргендігі жайындағы хадисті келтіргеннен кейін, көпшілік ғұламалар мақұлдады, яғни өлілердің естейтініне:

 القول في معاني هذه الأخبار اختلفَ السلفُ مِن علماءِ الأُمّة في معاني هذهِ الأخبارِ ، فقال جماعةٌ يكثُر عَدَدُها بتصحيحها ، وتصحيحِ القولِ بظاهرِها وعمومِها ، وقالوا : الميِّتُ بعد موتِه يسمَع كلامَ الأحياءِ ، ولذلك قال النبي صلى الله عليه وسلم لأهلِ القَلِيبِ بعدما ألْقُوا فيه ما قالَ ، قالوا : وفي قولِه لأصْحابِه ، إذ قالوا : أتُكلِّمُ أقوامًا قد ماتُوا وصارُوا أجسادًا لا أرواحَ فيها ؟ فقال : « ما أنتم بأسْمعَ لما أقولُ منهم » أوْضحُ البيانِ عن صِحّة ما قلْناه ، مِن أنَّ الموتى يسمَعون كلامَ الأحْياءِ ، واعتلّوا في ذلك بأخبارٍ رويتْ عن رسولِ الله صلى الله عليه وسلم بنحوِ الخبَرِ الذي رويْنا عن عمرَ 

 «Баяндамалардың айту мағынасындағы тарау Бұл үметтің сәләфтары, хадистің мағынасына қатысты әр-түрлі пікірде болды. Көпшілік бір топ растығын мақұлдады, және бекітті сәйкестігіне қарай сыртқы және жалпы түрде бұл баяндамаларды (яғни, айтты: өлілер естейді деп). Және сол ғұламалар айтты: марқұм жан тапсырғанынан кейін тірінің сөзін естейді, сол себептен әл-Қъалиб құдығына тасталғандарға, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға сөйледі.

 Сондай-ақ, олар айтты: Оның сөздері – өзінің сахабаларына айтқан, яғни олар одан сұраған кезде: «Уа, Аллахтың елшісі! Сасыған мүрделерге айналған олар қалай естімек және қалай жауап бермек?!» – деп сұрады. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жаным қолында болған Аллахпен ант етейін, сендер менің айтқанымды олардан жақсы естіп тұрған жоқсыңдар» – айқын түсіндірме, және біз айтамыз дәлел болып табылады, яғни марқұмдар тірінің даусын естейтініне. Олар Пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәл сондай дәлел келтірді бұл баяндамалармен, біздер Омардан жеткізгендей».[Дереккөз: Ибн Джарир әт-Табари «Тахзибул Асар» 2/491] 

 Ханбали мәзхабынан болған Зейнуддин ибн Раджаб (оған Алланың рақымы болсын) 736-795 һ.ж./1335-1393 м.ж., Әһлу Сунна ғұламаларының көпшілігі өлілер естейді деген пікірде болды:

 وقد وافقَ عائشةَ على نفْيِ سَماعِ الموْتى كلامَ الأحياءِ طائفةٌ مِن العلماءِ , ورجَّحه القاضي أبو يَعْلى مِن أصحابِنا في كتابِ الجامعِ الكبيرِ له . واحتجّوا بما احتجَّتْ به عائشةُ , وبأنه يجوز أن يكونَ ذلك مُعْجِزةً مُختَصّةً بالنبي صلى الله عليه و سلم دونَ غيرِه ,وهو سَماعُ الموتى كلامَه . وفي صحيحِ البخاري قال قتادةُ : أحياهم اللهُ تعالى يعني أهلَ القَلِيبِ حتى أسمعَهم قوْلَه توْبيخًا وتصغيرًا ونَقْمةً وحَسْرةً ونَدَمًا . وذهَب طوائفُ مِن أهلِ العلمِ – وهم الأكثرونَ — , وهو اختيارُ الطبري وغيْرِه , وكذلك ذكَره ابنُ قُتيْبة وغيرُه مِن العلماءِ , وهؤلاء يحتجُّون بحديثِ القَلِيبِ 

 «Бір топ ғұламалар Айша анамызбен келісті, яғни марқұмдар тірінің даусын естімеитіндігіне, және бұл пікірді біздің асхабтардан (ханбалилерден) Қадий Әбу Яълла дұрысырақ көрді, өзінің «Әл Джамиуль Қабир» кітабында».

 «Және олар дәлел ретінде, Айша анамыздың риуаят еткенін келтірді, бұл Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзіне тән ерекшелік мұғжизасы деді. Және Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерін марқұмдардың естулері, бұл мұғжиза. 

Сахих әл-Бұхалиде: Қъатада айтады: Алла Тағала оларды әл-Қъалиб құдығындағыларды тірілтті, оның – жазғыру, кемсіту, кектік, қайғыру және өкіну сөздерін естулері үшін.

 (Ал өлілер естейтіндігіне) Бұл басқа бір топ ғұламалардың пікір ұстанымы – және олар көпшілік, және бұл – әт-Табари мен басқаларының таңдаулары, сондай-ақ бұны Ибн Қъутайба және тағы басқа ғұламалар айтып өтті. Және олар дәлел ретінде әл-Қъалиб құдығын алға тартады».
[Дереккөз: Зейнуддин ибн Раджаб «Ахуәлуль Қъубур уә Ахуәлю Ахлиха илән Нушур» 133. Бейрут: Даруль Китабиль Араби: 1414/1994] 

 Ескерту: Шафиғи мәзхабының ғұламасы Ибн Касир өзінің «Тафсируль Қъураниль Азым» еңбегінде, әр-Рум сүресінің тәпсірінде, дәл осы сөздерді келтіреді. Арабша нұсқасы: library.islamweb.net/newlibrary/display_book.php?flag=1&bk_no=49&ID=1435

 Имам Джалалуддин әс-Суюти (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 849-911 һ.ж., өзінің пәтуаларында, қабір әлемі жайында былай деп айтады:

 (251الحاوي للفتاوي للسيوطي – (ج 3 / ص مسألة – هل يعلم الأموات بزيارة الأحياء وبما هم فيه وهل يسمع الميت كلام الناس وما يقال فيه وأين مقر الأرواح وهل تجتمع ويرى بعضهم بعضا وهل يسأل الشهيد والطفل. الجواب – هذه مسائل مهمة قل من تكلم عليها بما يشفى وأنا إن شاء الله تعالى أتتبع الأحاديث والآثار الواردة في ذلك: أما المسألة الأولى فنعم يعلمون بذلك، روى ابن أبي الدنيا في كتاب القبور من حديث عائشة قالت قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «ما من رجل يزور قبر أخيه ويجلس عليه إلا استأنس به ورد عليه حتى يقوم»، وروى ابن عبد البر في الاستذكار والتمهيد من حديث ابن عباس قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: «ما من أحد يمر بقبر أخيه المؤمن كان يعرفه في الدنيا فيسلم عليه إلا عرفه ورد عليه السلام»، صححه أبو محمد عبد الحق. وروى ابن أبي الدنيا في كتاب القبور عن محمد بن قدامة الجوهري عن معن بن عيسى القزار عن هشام بن سعد عن زيد بن أسلم عن أبي هريرة قال إذا مر الرجل بقبر يعرفه فسلم عليه رد عليه السلام وعرفه وإذا مر بقبر لا يعرفه فسلم عليه رد عليه السلام، وروى فيه عن محمد ابن واسع قال بلغني أن الموتى يعلمون بزوارهم يوم الجمعة ويوما قبله ويوما بعده وعن الضحاك قال من زار قبرا يوم السبت قبل طلوع الشمس علم الميت بزيارته قيل له وكيف ذلك قال لمكان يوم الجمعة 

 Сұрақ: Өлілерді тірілер зиярат еткендерін біледі ме, оларды естиді ме, олардың жағдайын біледі ме, және тірілер марқұмдар жайында айтқандарын біледі ме? Рухтар қайда мекендейді? Олар жиналады ма, және бір-бірлерін көреді ме? Шахид пен перзент жауапқа тартылады ма? 

Жауап: Бұл өте маңызды сұрақтар, және бұны өте аз жете түсіндірген болар. Егер Алла қаласа, мен бұл мәселеге қатысты хадистермен және асарлармен түсіндіріп беруге тырысып көрем. Өлілерді тірі адам зиярат еткенін біледі ме?

 Бірінші сұраққа келетін болсақ – иә, олар біледі өздерін кім зиярат еткенін.
 Ибн Әби Дуньия «әл-Қубур» да, Айшадан хадис риуаят етеді, ол айтады Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Бұндай жағдай болған емес, яғни әлдебір адам өзінің мұсылман бауырының қабірін зиярат етіп және оның қасында отырған кезде, ол (марқұм) қуанышқа бөленбейді оған жауап бермейінші, және ол тұрғанға дейін» 

Сондай-ақ, Ибн Әбдуль Барр «Әл-Истизкар уә әт-Тамхид» кітабында, Ибн Аббастан хадис риуаят етеді, ол Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздерін жеткізеді: «Әлдебір адам, осы өмірде таныс болған өзінің мұсылман баурының қабірінің қасынан өтіп бара жатып, сәлям бермеуі мүмкін емес, ол оны танып және оған жауап берер». Хадисті Әбу Мухаммад Әбдуль-Хаққ мақұлдады. Ибн Әбу Дунья «әл-Қубур» да, мына тізбекпен келтіреді – Мухаммад ибн Қудама, әл-Джаухари, Маана ибн Иса әл-Каззара, Хишама бин Саад, Зайд бин Аслама, ол Әбу Хурайрадан: «Әлдебіреу өзінің таныған адамының қабірінің қасынан өтіп бара жатып, оған сәлям берсе, (марқұм) оны танып және оған жауап береді. Ал әлдебіреу танымайтын адамның қабірінің қасынан өтіп бара жатып, оған сәлям берсе, ол оған жауап береді».

 Бұл жайында сондай-ақ Мухаммад бин Уәсиядан былай деп риуаят етілді: «Маған былай деп жетті, марқұмдар жұмаға дейінгі күні және кейінгі күні өздеріне зиярат етушілерді біледі». 

Сондай-ақ, Даххақадан былай деп риуаят етілді: «Кім қабірді сенбі күні күннің шығуына дейін зиярат етсе, марқұм оның зиярат еткенін білетін болады». Одан сұрайды, бұл қалай сонда? Оның жауабы: «Бұған себеп, алдыңғы күні жұма болғандықтан». Адамдар марқұмдарға қатысты алғыс сөздер мен мақтаулар айтқанды, естейді ме?

 وأما المسألة الثالثة وهي هل يسمع الميت كلام الناس وثناءهم عليه وقولهم فيه فنعم أيضا أخرج الإمام أحمد في مسنده والمروزي في الجنائز وابن أبي الدنيا وغيرهم من طريق أبي عامر العقدي عن عبد الملك بن الحسن المدني عن سعد بن عمرو بن سليم عن معاوية – أو ابن معاوية – عن أبي سعيد الخدري قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم أن الميت يعرف من يغسله ويحمله ويدليه في قبره. وأخرجه الطبراني في الأوسط من طريق آخر عن أبي سعيد. وأخرج ابن أبي الدنيا وغيره بأسانيد عن عمرو بن دينار وبكر بن عبد الله المزني وسفيان الثوري وغيرهم معنى ذلك، وقال ابن أبي الدنيا حدثنا سريج بن يونس ثنا عبيدة بن حميد أخبرني عمار عن سالم بن أبي الجعد قال قال حذيفة الروح بيد ملك وأن الجسد ليغسل وأن الملك ليمشي معه إلى القبر فإذا سوى عليه سلك فيه فذلك حين يخاطب. وقال ثنا الحسين بن عمرو القرشي ثنا أبو داود الحفري ثنا سفيان عن الأعمش عن عبد الرحمن بن زياد عن عبد الرحمن بن أبي ليلى قال الروح بيد ملك يمشي به مع الجنازة يقول له اسمع ما يقال لك فإذا بلغ حفرته دفنه معه 

 Адамдар марқұмдарға қатысты алғыс сөздер мен мақтаулар айтқанды, естейді ме – деген сұраққа келетін болсақ, — иә, олар естейді.

Имам Ахмад өзінің «әл-Муснад» кітабында, әл-Маруази «әл-Джанаиз» тарауында, Ибну Әби Дунья және тағы басқалары, мына тізбек арқылы Әбу Амр әл-Икди, ол Абдул-Мәлік бин әл-Хасан әл-Мадани, ол Са’ад бин Амр бин Сулайма, ол Муавият немесе Муавияттың баласынан, ол Әбу Саид әл-Худриден, ол Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізді: «Ақиқатында, марқұм адам өзін кім жуындырып жатқанын, кім оны алып бара жатқанын (жерлеуге), және кім оны қабірге орналастырып жатырғанын біледі». Бұл хадисті имам әт-Табарани өзінің «әл-Аусат» кітабында, Әбу Саидтің тізбегімен келтірді.

 Ибну Әби Дунья, Суфьян әс-Саури және тағы басқалары, жоғарыда келтіргенге, мағынасы ұқсас хадис риуаят етеді өздерінің тізбегімен Амр бин Динар және Бакра бин Абдуллах әл-Музаниден.

 Сондай-ақ, Ибну Әби Дунья, ол Сурайджа бин Юнустен, ол Убайда бин Хумайдтан, ол Аммардан, ол Салима бин Әбиль-Да’дадан былай деп айтады, Хузайфа: «Расыменде, (марқұмның) денесін жуған кезде, рух періштемен бірге болады, ал оны қабірге алып барып жерлегеннен кейін, періште онымен бірге болады, кейін рухты денеге салып, оны жауапқа тартады».

 Ол тағы былай деп айтты, әл-Хусайн бин Амр әл-Кураши, ол Әбу Дауд әл-Хифри, ол Суфьяннан, ол А’маштан, ол Абдуррахман бин Зияда, ол Абдуррахман бин Әби Лайладан былай деп риуаят етті: «Рух періштемен болады. Марқұмның денесімен бірге жүріп келіп, былай деп айтады: «Тыңда, сен жайында не айтып жатырғанын». Кейін олар қабірге жеткеннен кейін, оны (денесімен) бірге жерлейді».
[Дереккөз: Хафиз әс-Сүюти «Әл-Хауи лиль-Фатауә», 3-том 251-бет.] 

 Имам, мухаддис, көрнекті Құран тәпсірші, Әбу әл-Фида Ибн Касир әш-Шафиғи әл-Әшғари әд-Димашқи (оған Алланың рақымы болсын) 701-774 һ.ж./1301-1373 м.ж., Құрандағы әр-Рум сүресінің 53-аятына, былай деп тәпсір жазады: 

 Алла Тағала былай деп айтады: «Соқырды да адасқан жағынан тура жолға сала алмайсың. Аяттарымызға иман келтіріп өздері бой ұснған кісілерге ғана естірте аласың», — яғни, шақырған дауысқа бой ұсынғандар және тыңдағандар. Нағыз солар иман келтіргендер, ал біріншісі – кәпірлер, және Алла Тағала басқа бір аятында былай деп айтқан: «Шынымен тыңдағандарды қабылдайды. Сондай-ақ өліктерді Алла тірілтеді. Сонан кейін оның алдына қайтарылады». [Ән’ам сүресі 6/36 аят]

 Бәдірдегі құдыққа өліктерді тасталғаннан кейін, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үш күн өткеннен кейін, оларға ұрсып және жазғырып сөйледі. Тіпті хазірет Омар (оған Алла разы болсын) бұған таң қалып сұрайды: «Уа, Аллахтың елшісі! Сасыған мүрделерге айналған олар қалай естімек және қалай жауап бермек?!» – деп сұрады. Сонда Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жаным қолында болған Аллахпен ант етейін, сендер менің айтқанымды олардан жақсы естіп тұрған жоқсыңдар. Бірақ олар жауап бере алмайды», – деді. Абдулла ибн Омардың (оған Алла разы болсын) былай деп айтқанына, мүміндердің анасы Айша (оған Алла разы болсын), дәлел ретінде мына аятты келтірді «Ақиқатында, сен мәжбүр ете алмайсың өлілерді естуге», — деп келтіреді. Айша (оған Алла разы болсын) былай деп талқылайды: “Ақиқатында, мен не айтқанымды олар біледі”. Ал Қатада (оған Алланың рақымы болсын) айтады, Алла Тағала оларды Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тірілтті, өйткені марқұмдар, оның ұрысқан және жазғырған сөздерін естулері үшін.

 Алайда сенімді және дұрыс деп тапқан ғұламалар, Ибн Омардың (оған Алла разы болсын) келтірген сөздерін алға тартады, өйткені бұған қатысты көптеген риуаяттар куәлік болып табылады.
 Олардың ішінде ең танымал болған, бұл Ибн Әбдуль-Баррдың, Ибн Аббастан (оған Алла разы болсын) келтірген риуаяты, әрі оны сенімді деп тапты және марфуан (жоғары): «Осы өмірде таныс болған баурыңның қабірінің қасынан өтіп бара жатып, сәлям бермеуі мүмкін емес, өйткені Алла Тағала оның рухын денесіне қайтарып және ол сәлямға жауап берер».

 Сонымен қатар Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп бекітті, оның үмметі жерленгендерге сәлемдеседі. Сәлям бергендер, сәлямға жауап берушілерге үндеушілік білдіре алады. Және мұсылман адам былай деп айтады: «Ей иман келтіргендердің үйі, Алланың Сәлемі болсын сендерге». Бұлай тек қана естейтіндер мен түсінетіндерге ғана үндеу білдіреді. Егер де бұл үндеу болмағанда, онда олар тіршілік етпейтін және жансыз нәрсеге ұқсайтын еді.

 Расыменде таваттур (яғни, көптеген жолдармен және көптеген адамдар риуаят етті) деңгейіне жеткен асарлар бар, марқұм өзін тірі адам зиярат еткендігі жайында, және оның келгеніне қуанады. Ибн Әбу әд-Дунья өзінің қабірлер кітабында, Айшадан (оған Алла разы болсын) былай деп риуаят етеді, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқан: «Бұндай жағдай болған емес, әлдебір адам өзінің мұсылман бауырының қабірін зиярат етіп және оның қасында отырған кезде, ол (марқұм) қуанышқа бөленбейді оған жауап бермейінші, және ол тұрғанға дейін». Сондай-ақ Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) былай деп айтады: «Әлдебіреу қабірдің қасынан өтіп бара жатса, ал қабірдегі оны таныса, кейін ол сәлям берсе, ол (марқұм) оған жауап береді».

 Ибн Әбу әд-Дунья былай деп риуаят етті, Ассим әл-Джадридің отбасындағы адамнан, ол былай деп айтқан: «Мен түсімде Ассим әл-Джадриді көрдім, ол осыдан екі жыл бұрын өмірден өтіп кеткен болатын, және мен одан былай деп сұрадым: “Сен дүниеден өтіп кеттіңғо?” Оның жауабы: “Иә!”. Мен сұрадым: “Сен қайдасың қазір?”. Оның жауабы: “Жұмақтың бір бақшасында. Біз достарымызбен бірге әрбір жұманың түні мен күндізінде, Бакр ибн Абдулла әл-Музанидікінде кездесеміз, және сендердің барлық жаңалықтарыңды білеміз”. Мен сұрадым: “Сендердің жиналатын денелерің бе, әлде рухтарың ба?”. Оның жауабы: “Жоқ, біздің денелеріміз баяғыда ыдырап кеткен, кездесетін біздің рухтарымыз”. Мен сұрадым: “Сендер біз зиярат еткенімізді білесіңдер ме?”. Оның жауабы: “Біз бұны жұма күні кешкісін, және толығымен жұма күні, және сенбі күні күн шәққанға дейін біле аламыз”. Мен сұрадым: “Бұл тек қана сол күні болады ма, және басқа күндері ше?”. Оның жауабы: “Бұл тек қана жұма күні және оның қадыр қасиеттілігі үшін”».

 Мухаммад ибн Хусейн, ол Бакр ибн Мухаммадтан, Хасан әл-Кассаб былай деп айтқан: «Мен әр аптаның сенбі күні Мухаммад ибн Васиммен бірге, әл-Джабана қорымына баратынбыз, және біз қабірлердің маңында тұрып, оларға сәлям беріп дұға қылатынбыз, сонан кейін қайтатынбыз. Бір күні мен оған дүйсенбі күні баруға ұсындым. Ол айтты: “Маған былай деп жетті, марқұмдар өздерін жұманың алдыңғы және кейінгі күні зиярат етушілерді таныйды (яғни, бейсенбі және сенбі)”».

 Мухаммад тағы былай деп жеткізеді, ол Әбдуль-Азиз ибн Абанадан, ол Суфьян әс-Саури былай деп айтқан: «Маған Даххакадан былай деп айтқаны жетті: “Кім болмасын сенбі күнінің таң атқанға дейін зиярат етсе, марқұмдар оның келуін біледі”. Одан сұрайды: “Ол қалай сонда?” Оның жауабы, бұл жұма күнінің құрметіне, — деді». Мухаммад ибн Хасан, ол Яһия ибн Әбу Бәкір, ол Фадля ибн әл-Мувафииқа, ол немере ағасынан Суфьян ибн Уяйна былай деп айтқан: «Әкем қайтыс болған кезде, мені қатты қайғы басты. Және мен күнде оның қабірінің басына баратынмын. Кейін біраз мен оны зиярат етпедім (Алла дұрысын біледі қанша күн екенін). Сосын бүр күні мен келдім, және мені ұйқы басты, кейін мен түсімде әкемнің қабірі ашылып жатырғанын көрдім, сонансоң ол қабірінде отырған күйінде, ақ кебінін иығана лақтырып алған болып көрінді, және оның бет түрі, қайтқан адамның әлпетіне ұқсас болды. Әрі қарай ол маған, былай деп айтты: “Уа балам, менің қабірімді зиярат етуден сені не тоқтатты?” Мен одан сұрадым: “Менің келгенімді білгенбедіңіз?” Оның жауабы: “Сен келгенде, біз білмеген күн болмады. Және сен келгенде, мен қатты қуандым; әрі айналамдағыларда қуанды сенің дұға қылғаныңа”. Кейін ол былай деп айтты: “Сонан бері мен оған жиі баратынмын”». 

Мухаммад маған Яһия ибн Бастамадан, ол Усман ибн Сувайда әт-Туфариден, ол айтатын, менің анам ерінбей-жалықпай құлшылық қылып ғибадат қылатын, және оған айтатын, ол рахиба (яғни монах әйел). Және ол былай деп айтты (Усман ибн Сувай): «Анам өлім аузына жақындаған кезде, басын аспанға қаратып көтеріп: “Уа менің асыл қазынам, менің үмітім болған осы өмірде және келесі өмірде, мен жан тапсырған кезде Өзіңнің жәрдеміңсіз мені қалдыра көрме, және мені ұмытпа”. Кейін ол былай деп айтты (Усман ибн Сувай): “Анам қайтыс болды, және мен оның қабірін зиярат етуге әр жұмасайын баратынмын, және ол үшін Аллаға дұға қылдым, Алла Тағаладан, анамның және осы жерде жерленген марқұмдардың барлығының күнәларын кешірілуін сұрадым”. Кейін мен оны (анамды) түсімде көрдім де, оған былай деп айттым: “Ей менің анашым, қалыңыз қалай?” Оның жауабы: “Уа ұлым, ақиқатында, өлімде үлкен қайғы бар, және мен, ақиқатында Аллаға шүкір тамаша барзах әлеміндемін, маған (базилик) райхан гүл төсейді, ал жастықтар болса – сундуса және истабрака (жібектен), және бұлай Қиямет күніне дейін”. Мен одан сұрадым (анамнан): “Сізге тағы бірдеме керек пе?” Оның жауабы: “Иә”. Мен не керек екенін сұрадым. Ол (анасы) айтты: “Бізді зиярат етуіңді және біздерге дұға қылуыңды тоқтатпа, ақиқатында, аптаның әр жұмасы сайын қуанышты хабар қылып, бізге сенің келуіңді жеткізеді, және сен үйден қадам басып шыққан кезде, маған былай деп айттады: “Уа Рахиба, бұл сенің ұлың келе жатырған”, — және мен қуанамын. Әрі бұл қуанышқа, менің айналамдағыларда қуанады”».

 Бишр ибн Мансурдан, Мухаммад ибн Әбдуль-Азиз ибн Сүлеймен былай деп риуаят етеді, ол былай деп айтқан: «(Таун) Індетінің заманында, бір адам жиі қорымдарды зиярат етіп және ол жаназа намазға қатысып тұратын, ал кешкісін болса ол қабірдің маңында тұрып және мына сөздерді айтты: «Алла Тағала сендердің жалғыздықтарыңды сәндендірсін, және бұл жерде сендерге Алланың мейрімі болсын, және Ол (Алла) сендердің іштеріңде кім күнә жасаған болса соны кешірсін, және сендердің жақсы амалдарыңды қабыл етсін» — және ол осы сөздерден басқа, ештеңке айтпады. Ол айтты: “Бір күні мен кешкісін өзімнің үйме қайттым, және қорымда күнделікті оқып жүрген сол дұғаны оқымадым”. Кейін ол айтты: “Мен ұйқтап кеткен кезде, түсімде бір адамдарды көрдім маған келген”. Мен сұрадым олардан: “Кімсіңдер сендер, және не керек сендерге?” Олардың жауабы: “Ақиқатында, үйіңе қайтарда бізге берген сыйлыққа үйретіп тастадың сен”. Мен сұрадым: “Ол қандай сыйлық?” Олардың жауабы: “Сенің, біздер үшін оқыған дұғаң!” Кейін ол былай деп айтты: “Мен оларға айттым, кейін мен қайтамын (яғни, келесіде келгенде сол дұғаны оқимын)” – және ол былай деп қосты, осы жағдайдан кейін мен оларды зиярат етуді тастамадым (яғни, жаназа өткеннен кейін, қорымға барып дұға қылып тұрды)».

 Және анық болды, марқұмдар өздерінің ағайындары мен бауырларының істерін білетіндігіне. Абдулла ибн әл-Мубарәк, Савра ибн Язид, ол Ибрахимнен, ол Аюбтан, ол айтты: «Тірілердің амалдары марқұмдарға көрсетіледі, және олардың жақсы амалдарын көріп олар қуанады, ал жамандарын көрген кезде, олар айтады: “Уа Аллахым, қайтаршы оларды”».

 Ибн Әбу әд-Дунья былай деп риуаят етеді Ахмад ибн әл-Хауариден, ол былай деп айтқан: Маған менің баурым Мухаммад, былай деп айтты: «Бір күні Аббад ибн Аббад, Ибрахимге келеді, ал ол Пайлистинада болатын, және былай деп айтты: “Мені үйретші (яғни, маған насихат қылшы)” – деді. Ол сұрады: “Саған не үйретейін? Маған былай деп риуаят жетті, марқұмдарға тірілердің амалдары көрсетіледі. Ал енді көріп көр, сенің қандай амалдарың Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көрсетіліп жатырғаннын”. Ибрахим бұны айтты да, жылап жіберді және оның сақалы суланып қалды».

 Ибн Әбу әд-Дунья былай деп риуаят етеді Мухаммад ибн Хусейннен, ол Халид ибн Амр әл-Умауиден, ол Сақдақа ибн Сүйлеймен әд-Джафариден, ол былай деп айтты: «Маған ашушаңдық (мінез) тән қасиет болды, және әкем қайтыс болған кезде, мен жіберіп алғандарым үшін өкіндім. Бірақ бір күні мен өкінуімнен қайттым және әкемді түсімде көріп, ол маған былай деп айтты: “Уа ұлым, сенің жақсы амалдарың маған көрсетілген кезде, мен сондай қатты қуанышта болдым және олар (амалдар) бір тақуа адамның амалындай болып көрінді. Алайда осы жолы сен үшін маған ұят болды. Мен, сенен сұрайтыным келесіде мені ұятқа қалдырма, айналамда жерленген марқұмдардан”. Кейін ол айтты: “Ол менің көршім болатын Куфа қаласында, сонан кейін оның таңға дейін дұға қылғанын естідім: «(Аллахым) Өзіңнен артынша қайтарылмайтын, менің тәубемді қабыл етуіңді өтінем, тақуаларды – сондай тақуа болған күйде қылатындардың және адасқандары ақиқат жолына түсіретіндердің Иесі, уа Мейрімдінің Мейрімдісі».”

 Бұл тарауда (мақалаға қатысты) өте көптеген асарлар жетті сахабалардан (оларға Алла разы болсын). Кейбір ансарлардан болған Абдулла ибн Раваханың туыстары, мынадай дұға оқыды: «Олар Абдулла ибн Раваха шахид болып жан тапсырғаннан кейін осылай айтты: “Уа Аллахым, мені сондай амлдардан алыстат, Абдуллах ибн Раваханың алдында масқара қылмайтын”».

Исламда марқұмдарға сәлям беру орны қарастырылған, ал сезбейтін (яғни, естімейтін) және білмейтіндерге сәлям беру бұл – мағнасыздық (яғни бос сөз). Сондай-ақ, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің үмметін үйретті, егер олар қабірді көрсе: «Алланың Сәлемі болсын сендерге бұл қорымның мекендеушілеріне мұсылмандардан болған, ақиқатында, біз Алланың қалауымен сендерге де қосыламыз. Сендерден бұрын және кейін кеткендерді Алла Тағала Рақым етсін. Біз Алладан пана сұраймыз сендерге және өзімізге» – бұл сәлемдесу, үндеу және басы қасында болғанға өтіну, әрі естуші және оған үндеу білдіруші, және ол ақыл-иесі сәлямға жауап беретін, керсінше сәлям беруші оны естімейді. Ал Аллаға дұрысы мәлім.
[Дереккөз: Ибн Касир «Тафисируль-Қураниль Азым», 30/53. Мақаланың арабша нұсқасы: www.islamweb.net/newlibrary/display_book.php?flag=1&bk_no=49&ID=1435. ] 

 Әрі қарай қазіргі заманның жалған саләфилері “өлілер естімейді” деген пікірді айта отырып, өздерінің жүгінетін Құран аяттарын дәлел ретінде келтіреді. Расыменде солайма екенін Ибн Касирдің (оған Алланың рақымы болсын) тәпсір кітабынан көрейік иншә Аллах. Алла Тағала Құранда былай деп айтады: 

 فَإِنَّكَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَى وَلَا تُسْمِعُ الصُّمَّ الدُّعَاءَ إِذَا وَلَّوْا مُدْبِرِينَ 

 «Рас сен өліктерге естірте алмайсың. Сондай-ақ бет бұрып, кетіп бара жатқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың». [Құран Рум сүресі 30/52 аят] Ибн Касир бұл аятты былай деп тәпсірлейді:

 يَقُول تَعَالَى كَمَا أَنَّك لَيْسَ فِي قُدْرَتك أَنْ تُسْمِع الْأَمْوَات فِي أَجْدَاثهَا وَلَا تُبْلِغ كَلَامك الصُّمّ الَّذِينَ لَا يَسْمَعُونَ وَهُمْ مَعَ ذَلِكَ مُدْبِرُونَ عَنْك كَذَلِكَ لَا تَقْدِر عَلَى هِدَايَة الْعُمْيَان عَنْ الْحَقّ وَرَدّهمْ عَنْ ضَلَالَتهمْ بَلْ ذَلِكَ إِلَى اللَّه فَإِنَّهُ تَعَالَى بِقُدْرَتِهِ يُسْمِع الْأَمْوَات أَصْوَات الْأَحْيَاء إِذَا شَاءَ وَيَهْدِي مَنْ يَشَاء وَيُضِلّ مَنْ يَشَاء وَلَيْسَ ذَلِكَ لِأَحَدٍ سِوَاهُ 

 «Алла Тағала айтады: “Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бұрылып, қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың, және сен соқырларды тура жолға сала алмайсың, және адасушылықтан олардың беттерін қайтара алмайсың.” Керсінше, бұны Алла Тағала жасайды, расында Алла Тағала өзінің күш құдыретімен тірі адамның дауысын марқұмдарға естірте алады қалаған уақытында, және кімді қаласа тура жолға салады, және кімді қаласа адастырады. Және Одан басқа өзге ешкімде жоқ ондай күш құдырет».
[«Тафисируль-Қураниль Азым», 30/52.] 

 Келесі аятта Алла Тағала былай деп айтады:

 وَمَا يَسْتَوِي الْأَحْيَاءُ وَلَا الْأَمْوَاتُ إِنَّ اللَّهَ يُسْمِعُ مَنْ يَشَاءُ وَمَا أَنْتَ بِمُسْمِعٍ مَنْ فِي الْقُبُورِ 

 Тірілер мен өліктер тең емес. Рас Алла әлде кімді қаласа, естіртеді. Сен, қабірлердегі біреулерге естірте алмайсың. [Құран Фатыр сүресі 35/22 аят] Ибн Касир бұл аятты былай деп тәпсірлейді:


 يَقُول تَعَالَى كَمَا لَا تَسْتَوِي هَذِهِ الْأَشْيَاء الْمُتَبَايِنَة الْمُخْتَلِفَة كَالْأَعْمَى وَالْبَصِير لَا يَسْتَوِيَانِ بَلْ بَيْنهمَا فَرْق وَبَوْن كَثِير وَكَمَا لَا تَسْتَوِي الظُّلُمَات وَلَا النُّور وَلَا الظِّلّ وَلَا الْحَرُور كَذَلِكَ لَا تَسْتَوِي الْأَحْيَاء وَلَا الْأَمْوَات وَهَذَا مَثَل ضَرَبَهُ اللَّه تَعَالَى لِلْمُؤْمِنِينَ وَهُمْ الْأَحْيَاء وَلِلْكَافِرِينَ وَهُمْ الْأَمْوَات كَقَوْلِهِ تَعَالَى : » أَوَمَنْ كَانَ مَيْتًا فَأَحْيَيْنَاهُ وَجَعَلْنَا لَهُ نُورًا يَمْشِي بِهِ فِي النَّاس كَمَنْ مَثَله فِي الظُّلُمَات لَيْسَ بِخَارِجٍ مِنْهَا» وَقَالَ عَزَّ وَجَلَّ » مَثَل الْفَرِيقَيْنِ كَالْأَعْمَى وَالْأَصَمّ وَالْبَصِير وَالسَّمِيع هَلْ يَسْتَوِيَانِ مَثَلًا » فَالْمُؤْمِن بَصِير سَمِيع فِي نُور يَمْشِي عَلَى صِرَاط مُسْتَقِيم فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَة حَتَّى يَسْتَقِرّ بِهِ الْحَال فِي الْجَنَّات ذَات الظِّلَال وَالْعُيُون وَالْكَافِر أَعْمَى وَأَصَمّ فِي ظُلُمَات يَمْشِي لَا خُرُوج مِنْهَا بَلْ هُوَ يَتِيه فِي غَيّه وَضَلَاله فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَة حَتَّى يُفْضِي بِهِ ذَلِكَ إِلَى الْحَرُور وَالسَّمُوم وَالْحَمِيم وَظِلّ مِنْ يَحْمُوم لَا بَارِد وَلَا كَرِيم . وَقَوْله تَعَالَى : » إِنَّ اللَّه يُسْمِعُ مَنْ يَشَاء » أَيْ يَهْدِيهِمْ إِلَى سَمَاع الْحُجَّة وَقَبُولهَا وَالِانْقِيَاد لَهَا » وَمَا أَنْتَ بِمُسْمِعٍ مَنْ فِي الْقُبُور » أَيْ كَمَا لَا يَنْتَفِع الْأَمْوَات بَعْد مَوْتهمْ وَصَيْرُورَتهمْ إِلَى قُبُورهمْ وَهُمْ كُفَّار بِالْهِدَايَةِ وَالدَّعْوَة إِلَيْهَا كَذَلِكَ هَؤُلَاءِ الْمُشْرِكُونَ الَّذِينَ كُتِبَ عَلَيْهِمْ الشَّقَاوَة لَا حِيلَة لَك فِيهِمْ وَلَا تَسْتَطِيع هِدَايَتهمْ 

 «Алла Тағала айтады: “Әр-түрлі нәрселер тең емес, соқыр мен көретін адам секілді, өйткені оларда тең емес, олардың арасында үлкен айырмашылық бар. Және қараңғы мен жарық, сондай-ақ көлеңкедегі салқындықпен және ыстық жел тең емес, және тірілер мен өлілер тең емес.” Бұл Алла Тағаланың мысал ретінде келтіруі иман келтіргендерге, олар – «тірілер», және кәпірлерге олар – «өліктер» секілді, Алла Тағала айтады: «Өлі біреуді тірілтіп, оған адамдардың ішінде онымен жүретін жарық қылсақ, ол, қараңғылық-тарда қалып одан шыға алмайтын біреу құсаған бола ма?», сондай-ақ, Алла Тағала айтады: «(Кәпір, Мұсылман) екі топтың мысалы: саңырау мен естуші тәрізді. Мысал тұрғысынан екеуі тең бе? Түсінбейсіңдер ме?»
 Иман келтіруші – бұл көруші, естуші, осы өмірде және келесі өмірде де тура жолмен жүруші, және бұлағы бар Жәннат ағаштарының панасында отырушы. Ал кәпір – бұл саңырау, соқыр қараңғылықта жүретін және онда шығатын жол жоқ: ол өзінің күнәларында және адасушылығында кезіп жүреді, ол онда хамум және самумға (ыстық және отты жел) жеткенге дейін жүреді, және хамимге (ыстық су, оны Тозақ иелеріне береді), және қара күйенің көлеңкесіне, онда ешқандай салқындық не разылық жоқ (яғни Тозақта).

 Сондай-ақ, Алла Тағала айтады: «Расында Алла әлде кімді қаласа, естіртеді», — яғни кез келген біреуді алып келе алады, оған дәлелді естірту үшін, және оларды қабылдайды, және оларға ереді (яғни дәлелді естігенді айтып тұр), «Сен, қабірлердегі біреулерге естірте алмайсың», — яғни кәпірлер өлімінен және оларды жерлегеннен кейін, олар пайда алмайды тура жолға бағыттағаннан және оларды шақырғаннан кейін, және мүшіріктерге де пайда жоқ, оларға шақават (яғни Тозаққа түсу) бұйырды. Сенде ешқандай шығарға амал жоқ оларға (яғни олар соған душар болды), және сен оларды тура жолға сала алмайсың.
 [«Тафисируль-Қураниль Азым», 35/22.]  

Әрі қарай Алла Тағаланың мына сөздерін келтіреміз:

 إِنَّكَ لَا تُسْمِعُ الْمَوْتَى وَلَا تُسْمِعُ الصُّمَّ الدُّعَاءَ إِذَا وَلَّوْا مُدْبِرِينَ 

 «Шынында өліктерге естірте алмайсың. Әрі бұрылып, қашқан саңырауларға да дауыс естірте алмайсың». Ибн Касир бұл аятты былай деп тәпсірлейді:


 أَيْ لَا تُسْمِعهُمْ شَيْئًا يَنْفَعهُمْ فَكَذَلِكَ هَؤُلَاءِ عَلَى قُلُوبهمْ غِشَاوَة وَفِي آذَانهمْ وَقْر الْكُفْر 

 «Сен оларды ешқандай пайдалы нәрсемен естірте алмайсың, және олардың (мүшіріктердің) жүректерінде жамылғы, ал құлақтарында – күпірліктің саңыраулығы бар».
 [Дереккөз: «Тафисируль-Қураниль Азым», 27/80.] 


 Дереккөз: Al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com

Пікірлер

Дейінгі Келесі