Сұрақ:
Исламның футболға деген көзқарасы қалай? (Өзбекстан)
Жауап:
Аса Мейірімді, Рақымды Алланың атымен!
әс-Сәләму алейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ!
Футбол тек төмендегі ережелер сақталса ғана рұқсат етіледі:
ол Исламға қайшы іс-әрекеттермен жанаспауы тиіс (мысалы: музыка, бәсекеге ойнау, әуреттің ашылуы т.с.с);
ол сунна-муаккада намаздардан тоспауы тиіс, сондай-ақ міндет болған амалдардан (мысалы: намаздан, әке-шешені тыңдаудан, үй жұмыстарынан);
ол басқа адамдарға құрметсіздік танытуға алып бармауы тиіс (мысалы: өзгелерді балағаттау, айтысып-тартысу, ар-намысына тию т.с.с);
ол күндегі міндет болған істерге кері әсерін тигізбеуі тиіс;
ол құмарға айналып кетпеуі, оған байланып қалатындай дәрежеде болмауы тиіс;
ол болжам айту, кәпірлерге еліктеу сияқты істерге алып бармауы тиіс;
қарама-қарсы жыныстағылардың жиыны болмауы тиіс.
Ал Алла жақсырақ біледі. Уәссәлям.
Муфти Сухайл Тармахомед
Тексеріп, мақұлдаған: Муфти Ибрагим Десаи Ханафи
Жәми'ат-ул Уләма, Дәр әл-Ифта.
Дереккөз: askimam.ru
Дайындаған: darulahnaf.com

Post a Comment