Сұрақ:
Суннетке еруде ұстамдылық таныту керек деген хадис бар ма ?
Жауап:
Былай деп айтылған сөз бар:
الاقتصاد في السنة أحسن من الاجتهاد في البدعة
«Сүннетте ұстамдылық таныту, бидғатта ынта танытудан жақсырақ».
Имам Хаким бұны Пайғамбардың ﷺ сөзі емес, Сахаба Абдулла ибн Масғудтың (оған Алла разы болсын) сөзі ретінде келтіреді. Бұны дәл осындай сөз ретінде келтіруге болады (яғни Алла Елшісінің ﷺ сөзі "хадис" емес, сахабаның "асар" сөзі ретінде)
Әлләма Захаби бұл хабардың иснадын сенімді деді (әл-Хаким "Мустадрак" 1/103, әл-Байхақи «Сунан әл-Кубра» 4360, әл-Ләләкаи «Шарх усул Итиқад» 14 б, ад-Дарими «Сунан» 296 б.).
Ал Алла Тағала жақсырақ біледі.
Сухаил Мотала
Тексеріп мақұлдаған: Муфти Мұхаммед Абасумар
hadithanswers.com
Дереккөз: azan.kz
Аударған: darulahnaf.com


Post a Comment