Қажеттілік бойынша үйден шығуға рұқсат етіледі
Сұрақ туындайды. Әйел адамда өзінің адами қажеттіліктері бар, сол себебпен оған үйден шығуы керек болуы мүмкін. Оның туысқандарының жағдайын білу және басқа да жеке мұқтаждық үшін немесе анда-санда – демалып, күшін қайта қалпына келтіру үшін үйден шығуы керек болады. «Өз үйлеріңде қалыңдар» бұйрығы әйелдер үйде қамалуы керек дегенді білдірмейтінін түсіну керек. Әйелге егер қажеттілігі болса және белгілі шарттар сақталса, шығуға құқығы бар. Әдетте, қыз ата-анасымен бірге тұрады, ал некеден кейін оған деген жауапкершілік күйеуінде болады. Әйелде не күйеуі, не ата-анасы жоқ болған жағдайда, оған үйден кетуге рұқсат етіледі. Сондай-ақ, әйел рұқсат етілген демалыс үшін үйден кете алады. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Айша анамызды, Алла оған разы болсын, үйден шығарғаны белгілі.
Айша да шақырылған ба?
Пайғамбардағы тұрақтылықтың себебі
Әйел рұқсат етілген демалысқа мұқтаж
Өзін әсемдеп және өз сұлулығын көрсетіп үйден шығуға тыйым салынады
وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ ٱلْجَـٰهِلِيَّةِ ٱلْأُولَىٰ
Бұл аятта әйел қажеттілігі бойынша үйден шығарда, Исламға дейінгі надандық уақыттағы әйелдер тәрізді, өзін әдемілеп және өз сұлулығын көрсетпеуі керек екендігі айтылған. Ешқашан айналадағылардың көңілін аударту үшін өздеріңді әдемілемеңдер. Сізге хиджабта шығу керек – яғни денені кең киіммен жабу. Біздің уақытта бурка (жамылғы) кең таралған, Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, уақытында басынан аяғына дейін барлық денені жабатын бір кесек матаны киген. Қысқаша айтсақ, әйелге қажеттілігі бойынша шығуға болады, бірақ пурданы сақтау бұйрығы, көшеге жамылғысыз шығудың мүмкін зардабын болдырмас үшін жіберілген.
Пурданы сақтау бұйрығы тек Пайғамбардың әйелдеріне ғана қатысты ма?
وَلَا تَبَرَّجْنَ تَبَرُّجَ ٱلْجَـٰهِلِيَّةِ ٱلْأُولَىٰ
Мағына: «Көшеге надандық кезіндегі әйелдер сияқты өздеріңді әсемдеп шықпаңдар».
Бұл бұйрық Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне ғана қатысты, ал үмметтің қалған әйелдеріне қатысты емес пе? Демек оларға Исламға дейін надандық кездегі әйелдер жасағандай өзін әсемдеп, өз сұлулығын көрсету үшін шығаруға анық рұқсат етілген бе? Әлбетте, бұл бұйрық барлық әйелдерге қатысты. Бұдан әрі аятта келесідей бұйрықтар жалғасады: «وَأَقِمْنَ ٱلصَّلَوٰةَ / намаз оқыңдар». Намаз оқу бұйрығы да барлық әйелдерге қатысты емес пе? Әрі қарай: «وَءَاتِينَ ٱلزَّكَوٰةَ / міндетті зекетті төлеңдер». Бұл да тек Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салиқалы әйелдеріне ғана қатысты ма? Тағы да бір бұйрық: «وَأَطِعْنَ ٱللَّهَ وَرَسُولَهُۥٓ / және Аллаға және Оның Елшісіне бағыныңдар». Бұл Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерінен басқа әйелдерге қатысты емес пе? Аяттағы мазмұн бұйрықтардың жалпы сипатқа ие екендігін анық көрсетеді. Алайда аят Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдеріне тікелей арналған, ал үмметтің барлық әйелдеріне жанама түрде жолданған.
Олар тақуа әйелдер болған
«يَـٰٓأَيُّهَا ٱلنَّبِىُّ قُل لِّأَزْوَٰجِكَ وَبَنَاتِكَ وَنِسَآءِ ٱلْمُؤْمِنِينَ يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِن جَلَـٰبِيبِهِنَّ»
[Қр. Азхаб 33/ 59 аят]
Мағынасы: «(Әй Пайғамбар!) жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне бүркеншіктерін орансын».
Бұдан да анық бұйрық болуы мүмкін емес. «جلابيب» (жәлябиб) сөзі — «жильбаб» – тан шыққан көпше түр, бұл әйелдер өзіне барлық денесі жабық болатындай киіп алатын жамылғы дегенді білдіреді. Оның үстіне, Құрандағы бұйрық денені жильбабпен жабу бұйрығынан ғана тұрмайды. «يدنين» сөзі (юдниин) жильбаб бетті жабу үшін алдыңғы жақтан жамылу керектігін көрсету үшін қолданылады. Бұдан артық бұйрық болуы мүмкін бе? Пурда ихрам жағдайында Сіз қажылық кезінде әйелге бетін матамен жабуға болмайтынын білесіз. Ер адамға басын, ал әйелге бетін жабуға болмайды. Қажылық уақыты келгенде Ардақты Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қажылыққа өз әйелдерімен аттанды, содан қалай ету керек деген сұрақ туындады, себебі пурданың қажеттілігі жайында бұйрық болды, ал екінші жақтан ихрам жағдайында әйелге бетін жабуға болмайды. Аиша, Алла оған разы болсын, айтты: «қажылықты түйенің үстінде отырып жасадық, айналамызда бізді көретін бөтен ешкім болмағандықтан бетіміздегі жамылғыны шештік, сосын маңдайымызға ағаш құрылысын қойдық, бөтен адаммен және керуенмен кездесе қалған жағдайда, оның сыртынан жамылғыны жабуға болатындай ету үшін және ол бетімізге тимеді, сөйтіп пурданың ережелері тіпті ихрам жағдайында да сақталды». [Қр. Әбу Дауд, №1833.]
Әйелдің пурданы қатаң сақтауы
Келемежге назар аудармаңыздар
Пайғамбарлар, Алланың сәлемі болсын оларға, осы қорлық пен қиындықтардың барлығында бастарынан кешірген. Сіздер пайғамбардың мұрагерлері ретінде олардың қатынастарын қорлық пен мазақ деп, ал қалғандарының барлығын мұрагер тәрізді қабылдаңыздар. Егер сізде Аллаға және Оның Пайғамбарына, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сенім болса, сіз бұл мазақты шыдамдылықпен, қуанышпен көтеруіңіз керек.
Сізді бәрібір үшінші сорттың адамы деп есептейтін болады
Ертең оларға күлетін біздің кезек келеді
«فَٱلْيَوْمَ ٱلَّذِينَ ءَامَنُوا۟ مِنَ ٱلْكُفَّارِ يَضْحَكُونَ • عَلَى ٱلْأَرَآئِكِ يَنظُرُونَ»
Имансыздар мұсылмандарды келеке етіп қорлады, әсіресе мұсылмандар олардың жанынан өткен кезде. Мына аятта, егер Алла қаласа, келесі өмірде имандылар салтанатты отырған орындарынан оларды бақылап, имансыздарды келеке ететін болады. Ақырғы есепте бұл өмір өте қысқа. Имансыздар мұсылмандарды қанша келеке еткенмен, олар осы уақытша өмірді тастаған кезде ақиқатты білетін болады. Жетістік пен ұлылыққа апаратын жалғыз жол, біз үшін – бұл Алланың Ардақты Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы жіберген жолымен жүру, өйткені осы жол ғана жетістік пен құтылудың шынай кепілдігі болып табылады.
Ұлылық — Исламда
Ол сақалдан да және жұмысқа тұру мүмкіндігінен айырылды
– Жұмыс беруші: «Сіз мұсылмансыз ба?»
– Ізденуші: «Иә!»
– Жұмыс беруші: «Сіз сақалмен жүруді міндетті немесе міндетті емес деп есептедіңіз бе?»
– Ізденуші: «Міндетті деп есептедім, сол себепті сақалда жүрдім»
– Жұмыс беруші: «Сіз сақалды Алланың бұйрығына бағынып өсірдіңіз, ал енді оны менің талабым бойынша қырып тастадыңыз. Бұл дегеніміз, сіздің Алланың алдында шынайы емес екендігіңізді көрсетті, кімде-кім Алланың алдында шынайы бола алмаса, онда ол өз бастығының алдында да шынайы бола алмайды. Сондықтан біз сізге енді жұмыс бере алмаймыз»
Ол сақалынан және жұмысқа тұру мүмкіндігінен айырылды.
Мұндағы мәселе сақалда емес, тәжірибеден көрінеді – әлдекім оны келеке ететіндіктен Алланың бұйрығына қарсы шықса, қағида бойынша осы өмірде де және келесі өмірде де зиянға ұшырайды. Мұндай әрекеттерде абай болып, сақтану керек.
Сондай-ақ бет жабық болуы керек
Пурданың бұйрығы барлық дене, шашты қоса бастан аяққа дейін матамен, буркамен немесе кең көйлекпен жабылуы керек деп ұйғарады. Бетте пурдаға қатысты және ол да жабық болуы керек. Аятты түсіндіре келе: «يُدْنِينَ عَلَيْهِنَّ مِن جَلَـٰبِيبِهِنَّ» Хазірет Абдулла ибн Масғуд, Алла оған разы болсын, айтқан, оның уақытында әйелдер матаны барлығы жабық болатындай бетті қоса, денені айналдыра ораған, көзден басқа және бұл пурданы сақтаудың дұрыс әдісі. Дегенмен аса қажеттілік жағдайында бет пен қолды ашуға рұқсат етіледі. Бірақ бұл ерекше шарттарға арналған жұмсақтық; нағыз пурданың қандай екені жоғарыда айтылып кетті.
Жамылғы ер адамдардың ақылында
Біз пурданың бұйрығын қысқаша айтып өттік. Пурда тазалық пен имандылықты сақтау үшін қажет. Ер адамдарға пурданы сақтауды бұйыруға міндетті, ал әйелдер өз кезегінде оны сақтауға талпыну міндеті жатады. Ең өкініштісі, кейбір жағдайда әйелдерде пурданы сақтау қалаулары бар, бірақ ер адамдар оған кедергі жасап, үйден пурдасыз шығуға мәжбүрлейді. Аллахабадтан шыққан Акбар (Үндістандағы қалалардың бірі) ер адамдардың мұндай қарым қатынасын екі шумақты өлеңде өте жақсы сипаттап берді (мағынасы):
Кеше мен бірнеше әйелді жамылғысыз көрдім.
Акбар өз халқы үшін ұят сезіміне толып түсті.
Сіздердің жамылғыларыңызға не болды дегеніме,
Жамылғы олардың күйеулерінің ақылын жапқан, деп олар жауап қатқан.
Жамылғы олардың күйеулерінің ақылын жапқан, деп олар жауап қатқан.
Екі шумақты өлеңде айтылғандай, ер адамдардың ақыл-ой қабілеттіліктері әлсірегені соншалық, пурданы сақтауға оның өздері қарсылық көрсетуде. Алла бізді жаман ойлардан сақтасын және бізге Алламен және Оның Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арқылы берілген үлгі бойынша біздің әлемді құруға және тиісінше өмір сүруге күш берсін. Әмин.
Авторы: Муфти Мұхаммад Тақи Усмани Ханафи (хафизахулла)
Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com
