Сұрақ:
Сәлденің қандай түстері Сүннет болып табылады? Менің естігенім қызыл, қара, қоңыр, сары түсті сәлделер Сүннетке сай. Әр түске дәлел келтіре аласыздар ма? Джазкаллаһу хайран. (АҚШ)
Сәлденің қандай түстері Сүннет болып табылады? Менің естігенім қызыл, қара, қоңыр, сары түсті сәлделер Сүннетке сай. Әр түске дәлел келтіре аласыздар ма? Джазкаллаһу хайран. (АҚШ)
Жауап:
Аса қамқор ерекше Мейірімді Алланың атымен!
Ассаляму Алейкум уә Рахматуллаһи уә Баракатуһ!
Қара түс
Джабир ибн Абдулла, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қара сәлдеде бола тұра, Меккеге Фатх етіп кірді».
[Қр. Муслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Насаи, Ибн Маджа.]
Сары түс
Ибн Омар, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің бар киімдерін сары түспен бояды, тіпті сәлдесінде де».
[Қр. Сунан Әбу Дауд.]
Қызыл түс
Анас ибн Мәлік, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дәрет алған кезінде, оның басында қызыл түсті сәлдесі болғанын көрген едім». [Қр. Сунан Әбу Дауд, Мустрадак әл-Хаким.]
Ақ түс
Ибн Омар, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Абдуррахман бин Ауфқа, Алла оған разы болсын, ақ сәлде орағанын көргенмін». [Қр. Мустрадак әл-Хаким.]
Жасыл түс
«Нәби, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ешқашан жасыл түсті сәлде тақпаған». [Қр. Шаабиба әл-Гамама фий Тахқиқ Масала әл-Имама, 59-бет. Басаир.]
«Дегенмен кейбір сахабалар, Алла оларға разы болсын, жасыл сәлде таққан».
[Қр. Мусаннаф ибн Әби Шайбах.]
Алла Тағала дұрысын білуші
Уассалам
Муфти Ибрагим Десаи Ханафи
Дар ул-Ифта, Игамийя медресесі
Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com
