Он
жетінші хадис
Әбу Хурайра, оған Алла разы
болсын, Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай айтқанын
жеткізеді:
«Араларыңнан біреуін үйге
келгенде үш семіз, буаз түйені тауып алуды қалар ма еді? Біз: «Иә», – деп жауап бердік.
Сонда Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Әркім
намазда оқитын үш аят – үш семіз, буаз түйелерден артық».
Осыған ұқсас тақырып №3
хадисте баяндалған. Бұл хадисте Құранды намазда оқу жайлы айтылғандықтан, – ал
ол намаз сыртында оқудан жақсырақ, – буаз түйелермен теңеу келтіріліп тұр. Бұл
жерде екі амал меңзеліп тұр – намаз және Құран оқу, сондықтан теңеуде де екі
нәрсе келтірілген – түйелер мен олардың буаздығы. №3 хадисте жазып кеткенімдей,
осындай тектес хадистердің мақсаты – тек теңеу, анығында бір аяттың мәңгілік
марапаты — сауабы мыңдаған түйелерден артық.
